Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Смартфоннан бетте секпіл пайда болады

Смартфоннан бетте секпіл пайда болады

Смартфоннан бетте секпіл пайда болады

Бүгінде ұялы телефонсыз өмірімізді елестету қиын. Оның зиянды тұстарын біле тұрсақ та, бас тарта алмайтын кезіміз көп-ақ.

Ұялы телефондар мидағы қатерлі ісік дертіне себепкер болуы мүмкін бе деген тақырыпта зерттеу жүргізген Израиль денсаулық сақтау министрлігінің ғалымдары күтпеген қорытынды шығарды. Олар ұзақ уақыт зерттей келе ұялы телефон мен оның жиілігі мида қатерлі дерттің пайда болуына себепкер емесін анықтаған. Оған қоса адамның ДНҚ жүйесіне де зияны жоғына көз жеткізген. Демек ДНҚ-ға зияны болмаса, тері қатерлі ісігі дертіне шалдықтырмайды екен.

Смартфон қатерлі дерт түрлеріне себепкер болмаса да, бетте сепкілдің пайда болуына әсер етеді екен. Бетке қойғанда дисплейдегі жылу теріге әсерін тигізіп, пигменттер қызметін жылдамдататын көрінеді. Нәтижесінде бетте сепкіл пайда болуы мүмкін.

Мұны шешудің оңай жолы бар. Ол – телефонның даусын көтеріп сөйлесу, екіншісі bluetooth құлаққаптарды пайдалану.

Айта кетейік, секпіл – терідегі дөңгелек не сопақша формалы ашық сары, қоңыр түсті дақ. Әдетте бетте, қолдың сыртқы жағында, иықта, арқа мен кеудеде болады. Қыстыгүні секпіл біржола жоғалып кетпесе де өзге мезгілдерден азая түседі.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: © Pixabay
Қосылған күні: 01 желтоқсан 2018, 16:09

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.