Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Қатты дыбысты музыка құлаққа қалай әсер етеді?

Қатты дыбысты музыка құлаққа қалай әсер етеді?

Қатты дыбысты музыка құлаққа қалай әсер етеді?

Музыканы үздіксіз әрі дыбысын тым қатты тыңдау құлаққа зиянын тигізбей қоймайды. Дегенмен, оны құлаққап арқылы немесе музыка бағаны(колонка) арқылы тыңдаудың өздеріне тән айырмашылығы бар. Құлаққаптың тыңдау жүйесіне әсері жоғары. Әсіресе, кішкентай тығын құлақтағы дабыл жарғағына дыбыс толқындарына қатты әсер етеді.  

Мысалы, денсаулыққа қауіпті әсер ететін факторларды зерттейтін Еуропалық ғылыми одақ бес жыл бойына күніне бір сағаттан артық уақыт дыбысы қатты музыка (85 дБ-ден жоғары) тыңдайтын жастарды бақылаған. Зерттеушілер жастардың 5-10% -да есту қабілеті нашарлағанын байқаған.

Бір қызығы, әртүрлі жанр адамның есту жүйесіне әртүрлі әсер етеді. Рок және рэп секілді музыканың агрессияға толы жанрлары есту қабілетіне айтарлықтай зиянын тигізеді. Ал, латынамерикалық бағыттағы және классиканың әсері аса байқалмайды. Әрине, бұл арқылы муызка мен есту жүйесі бір-біріне тәуелді деген қорытынды шығаруға болмайды.

Музыканы қанша сағат тыңдауға болады?

Күнделікті мөлшерге сай, 85 дБ жиіліктегі музыканы 8 сағаттан артық тыңдауға болмайды. Бұны еңбекті қорғау Ұлттық институтының (NIOSH) мамандары мен АҚШ еңбек пен денсаулықты сақтау Ассоциациясы (OSHA) бекіткен. Дегенмен, құлаққап үшін дыбыс жиілігі 79 дБ-ден аспауы тиіс. Музыка тыңдауға арналған құрылғылардың басым көпшілігі 120 дБ және одан жоғары дыбыс жиілігінде жұмыс істейтінін де ескергейсіз.

Әрине, адам дыбыс жиілігі қай деңгейде екенін аңғара алмайды. Сондықтан, музыка тыңдайтын бағдарламаларда арнайы белгілер орналасады. Одан бөлек, ұялы телефондарда музыканың дыбысы арнайы деңгейден жоғары екенін ескертетін қызмет түрі де бар.

Тек музыка ғана емес, арнайы сабақтар мен аудиокітаптарды тыңдағанда да осы ережені ұстанғаныңыз жөн.

Сыртқы шу қалай әсер етеді?
Үлкен мәселелердің бірі – музыканы метрода тыңдау. Сыртқы шу құлақтың жасушаларына, есту түтігіне әсер етеді де, есту қабілетінің нашарлауына алып келеді. Сонымен қатар, концерттер, музыкалық фестивальдар да осылай әсер етеді. 

Есту қабілетінің нашарлағанын қайдан білемін?
Адамдар есту қабілетінің нашарлағанын бірден аңғара қоймайды. Алдымен, дауысты естісе де, түсінбегендіктен қайта сұрай бастайды. Егер есту қабілеті асқан жылдамдықпен нашарлай бастаса, құлақта шу пайда болады.

Өкінішке орай, есту қабілетін қайта қалпына келтіру тек бастапқы кезеңде ғана іске асады. Емдеудің тиімді әдісі – жүйелі глюкокортикостероид. Ал, дәрумен мен өзге де емдік үрдістер пайдасыз. Есту жүйесінде жүйкелер мен жасушалар жылдам зақымданады, қайта қалпына келе қоюы қиын.  Сондықтан, құлақтағы шу, шаншу секілді белігілер байқалған бойда дәрігердің қабылдауына жазылып, емдетуді ертерек бастағаныңыз жөн.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: topnaushniki.ru
Қосылған күні: 20 қараша 2018, 12:19

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.