Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Тұмаудан тез айығудың төрт жолы

Тұмаудан тез айығудың төрт жолы

Тұмаудан тез айығудың төрт жолы

Суық тиіп, тұмау болсаң, барлық жоспарыңды кейінге шегеруге тура келеді. Тезірек айығудың жолын іздей бастайсың. Мұндайда ағзаға не көмектесе алады?

Температура

Тұмау болғанда температура көтеріледі. Дәрігерлер 38 градустан аспаған болса, температураны түсіруге көмектесетін дәрі-дәрмектерді ішпеуге кеңес береді. Себебі, температура тұмаумен күресіп, ағзаның тез сауығуына жағдай жасайды. Вирустарды жояды.

Көбірек су ішу

Тұмау болғанда, суық тигенде көбірек жылы су ішу керек. Ол лимон қосылған шай немесе кептірілген жемістердің компоты болсын, бәрібір. Бастысы, суды көбірек ішу маңызды. Сұйықтық ағзадағы вирустарды шайып, тезірек сауығуға көмектеседі.

Тамақтанудан бас тартпау керек

Салқын тигенде асқа да тәбет тартпайды. Бірақ тамақтанбай қоюға болмайды. Тамақ болмаса, ағзаға күш қайдан келеді? Сол үшін жеңіл тамақтар жеп, бойға күш-қуат жинау керек. Майлы тағамдардан бас тарта тұрған абзал. Асқазанға күш түсіреді. Тауық сорпасы, салат пен сұлы жармасы жеген пайдалы.

Ұйқы

Тұмау болғанда көбірек тыныққан да дұрыс. Ұйықтау арқылы ағзаның вирустар мен инфекцияларға қарсы күресіне көмектесе аласың.

Біз айтқан тұмаудан тез айығудың төрт жолы қосымша кеңестер ғана. Ал бастысы дәрігерге көрініп, ұсынған дәрі-дәрмегін ішу маңызды.  

Деніңіз сау болсын!

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: kashel.su
Қосылған күні: 24 қазан 2018, 12:17

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.