Вегетариандық дұрыс па?

Вегетариандық дұрыс па?

Вегетариандық баяғыдан бері кең танымалдылыққа ие болған. Қазір де тамақтанудың бұл түрі жайылып, көптеген бағыттарға бөлінді. Алайда шын мәнінде вегетариандық пайдалы ма, зиян ба?

Вегетариандық - жануар текті тағамдарды мүлдем жемеу. Вегетариандықты ұстанатындар мал, құс, балық еті, сүт өнімдерін, жұмыртқа, тіпті балды тамақтарына қоспайды. Олар жануарлардаың терісі мен жүнінен тігілген киім кимей, жануарларда зерттеулер өткізілген өнімдерді қолданбайды.

"Таза" вегетариандықты ұстану әрине өте қиын. Қазірде вегетариандықтың басты 4 бағыты бар:

Лакто-ово-вегетариандық. Мал текті тағамдардан тек жұмыртқа мен сүт жейді.

Лакто-вегетариандық. Мал текті тағамдардан тек сүт ішуге рұқсат беріледі.

Ово-вегетариандық. Мал текті тағам түрлерінен тек жұмыртқа жеуге болады.

Вегандық. Сүт, жұмыртқа, тіпті бал жеуге болмайды. Мал текті кез келген тағамға тыйым салынған. Айта кетсек, олар тіпті малдың терісі, жүнінен жасалынған киімді кимейді.

Сондай-ақ вегетариандықтың қосымша түрлері болады.

Шикі тағамдар жейтін вегетариандықтар тек өңделмеген (пісіру, қайнату, қуыру, мұздату, тұздау және т.б.) тағамдарды жейді. 

Фрукториандықтар тек өсімдік текті тағамды, тұқымдарын, жеміс, жаңғақтар жейді.

Пескетариандықтар тек тұяқты малдың етін жемейді.

Флекситариандықтар болса, жалпы етті рационына өте сирек қосады.

Рационына еттен балық және теңіз өнімдерін ғана жейтіндерді вегетариандық деуге келмейді. Оларды ғылыми тілмен пескетариандықтар, ал құс етін ғана жейтіндерді - поллотариандықтар деп атайды. Вегетариандықтың тағы да бір ерекше бағыты  фригандық тек тегін не қоқыстан табылған ет тағамдарын жеуді түсіндіреді (ет босқа құрымау мақсатында).

Ұзақ уақыт бойы вегетариандық тамақтану атаусыз болып келді. Бұрынғы заманда мұндай тамақтану тәртібін "үндістік" деп атаған екен. Ал XIX ғасырда танымал терминді ағылшындар ойлап тапты. Олар негізге латын тілінің "vegetus" сөзін алды (сергек, дені сау, тірі).

Вегетариандық пайдалы ма?

Кейбір дәрігер мамандар вегетариандықты шипалы дауа ретінде қабылдамайды. Вегетариандықты қатаң ұстанушылардың рационы дұрыс емес болады деп санайды олар. Вегетариандықтар ағзаға өмірлік қажетті микроэлементтер мен дәрумендерден бас тартады, ослайша бедеулік, қан аздық, жүйке аурулары, уақыттан бұрын қартаю, шаш пен тырнақтың әлсізденуінен зардап шегеді. Етте бар B12 дәрумені, ақуыздар, кальцийды қажетті мөлшерде қабылдамаған адамдар жүдеу мен ауру шегінде болады.

Ал басқа дәрігерлер керісінше вегетариандықты қолдайды. Олардың айтуынша, ет тағамдарынан шектеліп, сергек, сау өмір сүруге әбден болады. Вегетариандықтар басқаларға қарағанда жүрек-тамыр ауруларына, гастрит, астма, тіпті қатерлі ісікке кемірек шалдығады. Олардың өмір жасы да ұзағырақ екен. Бұның себебі вегетариандықтар етпен бірге берілетін токсиндері қабылдамайды. Қазіргі бройлер балапандары мен тез өсу әдісімен өсірілген мал еті - гормон, антибиотик, химияның қайнар көзі болғандықтан, вегетариандықтар бұл зиян заттардан аулақ болады.

Күнделікті ет жеп дағдыланған кісіге бірден вегетариандық тамақтануға көшуге болмайтынын ұмытпаңыздар.

Ал сіз вегетариан болар ма едіңіз?

Дайындаған: Сания Аринова 

Сурет: lojechka.ru

С. А