Аяздан теріні қалай қорғау қажет?

Аяздан теріні қалай қорғау қажет?
Фото: stolitca24.ru

Қыста денеңіз жылы тонның астында, шашыңыз қалың малақайдың ішінде, тіпті қолыңызды қолғап киіп жылытасыз. Ал бетіңіздің терісі аяз кезінде көбіне ашық, сондықтан да ерекше қорғанысты қажет етеді.

Алдымен жуынудан бастайық. Құрамында спирті бар лосьон, тазартатын көбіктер, сабынды күн жылынғанша қоя тұрыңыз. Тіпті жай судың өзі теріңізді құрғатып, гидролипидті мантия деп аталатын терінің қорғаныс қабатын зақымдауы мүмкін.

Бетті жууды анда-санда косметикалық сүтпен, спирті жоқ лосьонмен, жұмсақ тоникпен сүрту процедурасымен алмастыруға болады. Ал косметиканы мицелярлы сумен алсаңыз, пайдасы ұшан-теңіз, нәтижесі бірден байқалады.

Бет терісін ылғалдандыру жөнінде

Жауын-шашын теріні ылғалдандырмайды, керісінше. Ал сыртында «ылғалдандырады» деп жазылған құралдарыңыз кері әсер етуі мүмкін.  Сонда аяздан бетті қалай қоорғау керек? Қыста теріні қалай ылғалдандырамыз?

Байқайсыз ба, кейде жазда бетіңізге әдемі «қонатын» тоналды кремдер, ылғалдандыратын кремдер қысқа бетіңізде басқа әсер береді. Тіпті осы кремдер әсерінен бетіңіз қыцрауланатын жағдайлар болады. Бұдан бетіңіз үсіп кетпейді, бірақ теріңіздегі ылғал қатып, тері қабатын «тырнауы» мүмкін. Ылғалдандырғыш кремдердің қыста тағы бір қауіпі – ауасы кеуіп қалған пәтерлерде тіпті агрессивті әсер етеді.Крем құрамындағы ылғал соратын ингердиенттер терінің өзінен ылғалды сорып алады. Нәтижесінде терінің өзі қырғап, сусызданады.

Мұндай қауіпті кремдер құрамына кірмейтін кремдер – құрамында гиалурон қышқылы мен хитозан бар кремдер. Екеуі бір мезетте теріні ылғалдандырып, бетте қорғаныс үлдірін түзеді. Іштегі ылғал сыртқа шықпайды. Алайда бұл кремдерді далаға шығардан бір сағат бұрын жағыңыз.

Ал қалған барлық кремдерді жатар алдында жаққан дұрыс. Дәлірек айтсақ, төсекке жатпастан бір сағат бұрын. Бетіңізді жуған соң, тоник, лосьондардан соң ылғал күйінде жағыңыз.

Көптеген әйелдердің ойларынша, салқын кезде тері суықтан қорғану үшін жеткілікті май бөледі. Мұның жаны бар. Бұл маусымда тері қалыңдай түседі, теріден бөлінген май суық желден, аяздан қорғайды. Алайда табиғи қорғаныс жеткіліксіз. Сондықтан мұндай кезде әдеттегі кремдердің орнына қоректендіретін кремдерді қолданыңыз.

Аяздан бетіңіз қызарып, қан жүгіргендей болып көрінуі мүмкін. Алайда, аяз бет терісін қартайтады. Өзіңіз байқасаңыз, кешке қарай бетіңіз бозарып, сұрғылт тартып, ұсақ әжімдеріңіз көріне бастайды. Мұндай кезеңдерде бет күтіміне келесі қоректік элементтер: ретиноидтарды, антиоксиданттарды, кедр майы мен жожоба майы, өсімдік сірінділерін қосыңыз. Бұл рацоннан кейін бетіңіздің шынында да шырайы келіп, өңі кіреді.

Бетке жағатын маскалар әр маусымда әртүрлі болуы тиіс. Жазда – ылғалдандырушы, қысқа – қоректік маскалар. Масканы аптасына 1–2 рет, үйқыға кетерден 1 сағат бұрын жасаңыз, содан соң бірден  түнгі крем жағыңыз.

Сонымен қысқы күтім бойынша косметологтың сегіз кеңесі

1) Қыста құрамында Е витамині ғана емес, D витамині бар кремдерді таңдаңыз;
2) Егер қыста бетіңіздегі ұсақ тамырлардың жарылып, ұсақ жұлдызшалардың пайда болуын байқасаңыз, құрамында К витамині бар кремдерді пайдаланыңыз;
3) Бет терісі құрғақ ауралар тоналды кремге аздап ылғалдандырушы крем араластырып, далаға шығардан жарты сағат бұрын жаққаны жөн;
4) Аяз кезінде құрғақ косметиканы қолданбаған жөн. Мүмкіндік болса майлы опа-далапты, көзге арналған бояулардың өзінен крем тәрізді теньдерді пайдаланыңыз;
5) Мейлінше көп су ішуге тырысыңыз: бұл терідегі бездердің дұрыс жұмыс жасап, суыққа төімділігін арттыруға ықпал етеді;
6) Ауаны ылғалдандырғышты сатып алыңыз. Бұл құрал үйдегі ауа-райын ретке келтіреді;
7) Қатты тоңсаңыз да тым ыстық ванна, душқа түспеуге тырысыңыз. Градус жоғарылаған сайын, теріңіз құрғай түседі;
8) Жуыну процедураларынан соң бетіңізді, денеңізді қатқыл орамалмен сүртпеңіз, жұмсақ сүлгімен ақырын ғана суды сіңіріп алуға тырысыңыз.

А. Қажиев