Арықтау үшін ет жеу керек - ғалымдар

Арықтау үшін ет жеу керек - ғалымдар
Фото: Global Look Press

Канададағы Торонто Университетінің ғалымдары арықтау үшін ет жеуден бас тартпауға кеңес береді. Керісінше ет пен түрлі көкөністерді көбірек жеу арықтауға айтарлықтай көмегін тигізеді екен.

Science Alert сайтында жарияланған мақалада етте ағзаға пайдалы әрі қажетті дәрумендер мол болатыны жазылған. Ол дәрумендерді өзге тағам түрлерінен табу қиын. Сондықтан диета кезінде зерттеушілер ет өнімдерінен бас тартпауға шақырады. Егер ет жеуді тоқтатсаңыз, ағзада қажетті дәрумендер жетіспей, керісінше толып кетуіңіз мүмкін.

Зерттеушілер арықтау үшін ет пен көкөністерді тұтынып, суды көбірек ішуге кеңес береді. Бұл ағза жұмысы мен асқорытуды жақсартып, артық салмақтан арылуға көмектесетінін аңғарған.

Н. Үсенова