Шу – денсаулыққа зиян

Шу – денсаулыққа зиян
Фото: fishki.net

АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы Sethon Hill институтының Марк Эндрюс бастаған ғалымдары адам ағзасына шудың қалай әсері барын зерттеп, оның адам денсаулығына залалы көп екенін анықтады.

Зерттеу барысында ғалымдар шамадан тыс шу адамның ашуын туғызып, психологиялық күйзеліске ұшырататынына көз жеткізген.

Олар еріктілердің қатысуымен тәжірибе жасағанда, автокөліктегі магнитоласынан шыққан шуыл артериялық қысымды арттырып, соңы гипертониялық дағдарысқа дейін әкеп соғатынын ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. 

Ғалымдар шуылдың мөлшері 6 децибельден асқан жағдайда адам денсаулығына кері әсер ететінін алға тартуда. Сондықтан жүйкеңізді жұқартпауды ойласаңыз, шулы жерден аулақ жүріңіз.

 dalanews.kz

Н. Үсенова