Ақуыз адам ағзасына аса қажетті зат. Сондықтан оның қандай өнімдерде көп болатынын біле жүру керек. Балық Аптасына кемі екі порция балық жеу керек. Ең пайдалы түрі албырт, бақтақ, майшабақ. Жұмыртқа Бір жұмыртқада 6,5 г ақуыз бар. Әйел адамға күніне орта есеппен 50 г ақуыз қажет. Ет Егер етті жақсы көретін болсаңыз, онда ең дұрысы майсыз етті тұтыну. Артериалды қысымды төмендету үшін күніне 175 г ет жеуге кеңес береміз. Жаңғақтар мен бұршақтар Бұршақтарда ақуыз көп. Сондай-ақ көмірсутек бар. Құрамындағы май мөлшері де аз. Ал жаңғақтардың құрамында ақуыз ғана көп емес. Ол сондай-ақ артық салмақтан арылуға көмектеседі. Құс еті Тауық еті мен күркетауық етінде ақуыз өте көп. Бірақ май аз. Тауық етінің бір порциясында 21 г ақуыз болады. Майсыз сүт өнімдері Сүт өнімдері сүйектерге өте пайдалы. Сондай-ақ олардың құрамында қалыпты қысымды ұстап тұруға көмектесетін ақуыз бар.Ересектерге күніне екі-үш порция сүт өнімдерін тұтыну керек. Дереккөз: reactor.inform.kz