Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Күзде ағзада қандай өзгерістер болады?

Күзде ағзада қандай өзгерістер болады?

Күзде ағзада қандай өзгерістер болады?

Күздің алғашқы айы да ортасына жетіп калды. Қазір табиғатта күн қысқаруы, ауа қызуының құбылуы секілді өзгерістер жүріп жатыр. Осыған орай ағзадағы ішкі биологиялық ырғақ та өзгеруде.

Бүгінде ағзаның ішкі биологиялық ырғағы сыртқы табиғи ырғаққа бейімделуге әрекет жасап жатыр. Сырт­қы өзгерістер ағзаға күйзеліс әкеледі. Негізі салдарынан денсаулығында кінәраті бар адамдарда өмірлік қуат азая түседі. Бұдан тез шаршау, көңіл-күйдің нашарлауы, кейде себепсіз құлазу туындайды.

Бір қызығы, бұл кезде адамда ми жұмысының белсенділігі арта бастайды. Бірақ ол депрессия туындатады. Бұл күндізгі уақыттың біршама қысқаруына байланысты, ол мелатонин гормоны түзілуін төмендетеді. Мұндайда таза ауада жиі серуендеген жөн. Жарық жақсы түсетін жерлерде көбірек болған абзал. Жалбыз, валериана сияқты жүйкені тыныштандыратын тұнбалар ішіп тұрған жақсы.

Күзге қарай тері астына май жинала бастайды. Бұл да ағзаның қысқа дайындалуына байланысты табиғи құбылыс. Дегенмен бұл кезде асқазан-ішек дұрыс жұмыс істейді. Сондықтан ішек белсенділігі жылдам арта бас­тайды, асқазан және ішек сөлі көптеп бөлінеді. Олар ас қорыту жолдарының кілегей қабатын тітір­кендіреді. Бұдан асқазан-ішек жолында кінәраты барларда аурудың асқынуы туындайды. Ал мұндай болмас үшін асқазан-ішектің кілегей қабатын тітіркендіретін азықтардан (чипсы, тұзды дәмдер, газды сусын, алкоголь, т.с.с.) аулақ жүрген дұрыс. Асқа дәм­деуішті барынша аз қосқан абзал. Оны пісіріп, булап, бұқтырып жеген жақсы. Тітіркенуді басатын шөп шай (түймедақ, зверобой, т.б.) ішіп, асқазан сазғанда антицидті препараттар ішкен жақсы.

Күзде ағза жұмысы өзгеруіне қарай қан қысымы да көтеріле түседі, одан жүрекке, оның бұлшық еттеріне салмақ артады. Сондықтан бұл кезде қан қысымын да қадағалау керек. Егер қысым қалып шегіне жетіп келе жатса, онда зәр қуатын, жүрекке жеңілдік беретін дәр­мектерді қолданған жөн (әрине, дәрігер кеңесімен).

Бұл кезде өкпеге де оңай емес. Оның жұмысы күшейеді: тыныс алу жиілейді, газ алмасуы артады. Оған оттегі көбірек керек. Өкпенің, тыныс жолдарының жұмысы арту созылмалы тыныс жолдары кінәраттарының қабынуына алып барады. Адам жиі суықтайды. Өйткені иммунитет төмендеп жатыр, оның үстіне адам көпшілік жиналған жабық ғимараттарда жиі болады.

Ауа температурасы төмендегеннен-ақ ағзаға қажетті калория 5 пайызға артады. Дене қызуын қалыпта ұстау үшін тері астына май түзіле бастайды, ол қажетті деңгейге қа­лыңдайды. Ауа қуаты жылу түзуге көбірек бағытталады. Көмірсулар аза­йып, май көбейе бастайды.

Ағзадан зәрмен бірге суды ерітетін С, А, В2 вдәрумендері көбірек шығады, есесіне майда еритін А, Д, Е дәрумендері көбейеді. Сондықтан балғын көкөніс, жеміс-жидекті көбірек жеген жөн. Дәрігермен кеңесіп, дәрумендер кешенін қабылдаған жақсы.

zamana.kz

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: YÜKLE.MOBİ
Қосылған күні: 10 қыркүйек, 11:33
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.