Әжімнің ерте түсуіне әсер ететін күнделікті әдеттер

Әжімнің ерте түсуіне әсер ететін күнделікті әдеттер
Фото: womanskincare.ru

Әр әйел заты бет терісін әдемі әрі жас қалпында сақтауға тырысады. Бірақ біз күнделікті әдеттеріміздің әжімнің пайда болуына әсер ететінін біле бермейміз. Ендеше, әжімнің ерте түсуіне жол ашатын 8 әдетті есіңізге саламыз:

1. Көзді жұма беру

Көз маңайындағы терең әжімдер көзді жиі сығырайтқаннан пайда болады. Егер көру қабілетіңіз нашар болса үнемі көз дәрігерінің бақылауында болып, көзілдірік киген дұрыс. Ал жаздың күндері күннен қорғайтын қара немесе қоңыр түсті көзілдірік алыңыз.

2. Бір жақ жанымен немесе етпетінен жату

Бір бетіңізде екінші бетіңізге қарағанда әжімнің көптігін байқадыңыз ба? Демек сіз ұйқыға жатқанда дұрыс жатпайсыз. Бұл беттің ғана емес, мойын мен кеудеде әжімнің пайда болуына әкеліп соқтырады. Оған қоса қанның дұрыс айналмауы тері жасушаларына оттегі жеткізбейді. Бұл жағдайда ең дұрысы шалқасынан жату.

3. Аз ұйықтау

Ұйқының қанбауы әжімнің тез түсуіне ықпал етеді. Бұл әсіресе көз маңайынан көрінеді.  Estee Lauder және UH Case Medical Center жүргізген зерттеу тәулігіне бес сағаттан аз ұйықтайтын әйелдердің жеті сағаттан артық ұйықтайтын әйелдерге қарағанда әжімі көп екенін көрсеткен.

4. Шылым шегу

Темекі түтінінен 4 мыңға жуық химиялық зат бөлінеді. Оның басым бөлігі улы. Ал 50-ге жуығы обырға шалдықтырады. Сондай-ақ темекі түтіні оттегі жетіспеушілігіне әкеледі. Бұл терінің қартаю процесін жылдамдатады.

5. Кофені тым көп ішесіз

Егер кофе ішкенді жақсы көретін болсаңыз, күніне белгілі бір мөлшерден артық ішіп қоймаңыз. Кофеден кейін бір стақан су ішкен жөн. Бұл ағзадағы су қорын толтыруға көмектеседі. Себебі кофе қартаю процесін жылдамдатуы мүмкін.

6. Күннен қорғайтын крем қолдану

Көп қыз-келіншек күннен қорғайтын кремдерге мән бере бермейді. Күннен қорғайтын кремдерді жыл бойы қолдануға үйреніңіз.

7. Теріні шектен тыс көп тазалайсыз

Егер сіздің теріңіз аралас немесе майлы тері болса оны жиі тазалау терінің табиғилығын бұзып, құрғатып, шектен тыс сезімтал етеді. Бетті күніне екі мәрте тазалап, аптасына бір рет пилинг жасау жеткілікті.

8. Компьютер алдында көп отыру

«Сандық қартаю» деген терминді естуіңіз бар ма? Бұл термин жақында ғана пайда болған. Гаджеттердің, компьютерлердің, теледидар мен басқа да техникалардың көгілдір түсі терінің қалың қабаттарына еніп, коллаген мен эластиннің бөлінуіне соқтырады. Бұл терінің созылымдылығын нашарлатып, әжімнің ерте түсуіне жол ашады.

Дереккөз: reactor.inform.kz

Ө. Сансызбай