Уақыт және денсаулық

Уақыт және денсаулық
Фото: ERNUR.KZ

Көктемде адам ағзасында әлсіздік пайда болып, сонымен бірге ми жұмыс істеу қабілетін бәсеңдетеді. Бұл өз кезегінде сіздің денсаулығыңыз үшін қауіптірек болуы мүмкін. Сол себепті жүйелі түрде күнделікті жұмыс жоспарын құрып, уақытыңызды тиімді пайдаланғаныңыз дұрыс. Бұл сіздің ағзаңыз бен жады жұмысыңыздың жақсаруына кепіл болмақ.

• Таңертеңгі сағат 6-7 аралығында жадының жұмысы белсенді болады.  Бұл уақытта ойда жүрген ақпаратты кәдеге асыруға болады.

• Сағат 8-9 аралығында ойлау қабілеті жақсы жұмыс жасайды. Яғни бұл уақытта кез келген жұмысты және есте сақтау керек ақпараттарды оқуға болады.

• Сағат 9-10 аралығы есеп-қисап жұмыстарына қолайлы уақыт.

• Уақыттың 11 мен 12 аралығы адамның интеллектуалдық деңгейі әлсірейді. Сондықтан сергіту жұмысын жүргізіп, ән тыңдаған дұрыс.

• Ал, 12-14:00 аралығы түскі ас ішетін уақыт. Бұл уақытта асқорыту жүйесі белсенді қызмет атқарады.

• 14-18:00 аралығы нағыз жұмыс істейтін уақыт. Ал одан кейінгі жұмыс ағзаға күш түсіреді.

• Сағат 21-23:00 аралығы жүйкенің тынығатын уақыты. Бұл уақыт аралығында ұялы телефоныңызды өзіңізден алыс жерге қойып қойыңыз.

• 23-01:00 уақыт аралығында ұйқыға кірісіп кеткен адамның жүйкесі қалпына келіп, жаны тынығады.

Есіңізде болсын, түнгі сағат 1 мен 3 аралығында адам ағзасында күш-жігері қайта қалпына келу процесі жүреді. Сол себепті бұл уақыт аралығына жеткізбей ұйықтап қалғаныңыз жөн.

Н. Үсенова