- Негізгі бет
- Денсаулық
- Тамақты артық жеп...
Тамақты артық жеп қою мен ұйқының қанбауы
Түнімен ұйықтай алмай, таңмен әрең тұрасыз ба? Назарыңызға жақсы ұйықтауға кері әсерін тигізетін азық-түлік тізімін ұсынамыз. Өз мәзіріңізден осыларды алып тастап, тәтті ұйқыға бөленіңіз.
- Сүрленген тағам, шұжық, сосиска мен сардель құрамында тирамин аминқышқылы болады. Олар ағзаны шектен тыс сергектендіріп, ұйықтатпайды.
- Майлы тәтті кремдер – оларда да тирамин өте көп.
- Құрамында кофеин бар барлық тағам, тек шай мен кофе ғана емес, сонымен қатар қара шоколад пен тирамисудан да бас тартыңыз.
- Алкоголь сіздің тез ұйықтап кетуіңізге көмектесуі мүмкін, бірақ ұйқы фазасын бұзып, нәтижесінде сіз шала ұйқылы боласыз.
- Тәттілер – ұйықтар алдында желінген көмірсулар сізге артық энергия береді.
- Энергетикалық сусындардан толығымен бас тартыңыз. Бұл денсаулығыңызға аса қауіпті!
Және шектен шықпауға тырысыңыз: егер сіз кешкі тамақ ішпей жатсаңыз, түнгі аштық сізді оятудан ұялмайды. Ал егер тым жай тамақтансаңыз (ұйықтарға дейін 2 сағаттан кем уақыт) немесе асты тым көп жесеңіз, онда ас қорыту жүйесі түнімен жұмыс істеп, сізге ұйқы бермейді.
Сурет vitamarg.com сайтынан алынған