Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Грант құтты болсын,
Грант құтты болсын, "балмұздақ"!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

20 жасқа дейін...
20 жасқа дейін...

Автор: Томирис Есқали

Статус: Контент-менеджер

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Мұрынға арналған тамшының зияны

Мұрынға арналған тамшының зияны

Мұрынға арналған тамшының зияны

Тұмау кезінде жағдайыңызды жақсартатын ең оңай тәсіл – мұрынға арнайы тамшылар тамызу. Оның түрлері әр дәріханада толып тұр. Алайда бір қарағанда зиянсыз көрінген құралды қалыпты мерзімнен ұзақ қолдану арқылы оған деген тәуелділік туындатуы мүмкін. Ендеше, мұндай тамшыларға тәуелділіктен қалай арыламыз?

Тәуелділік не үшін туындайды?

Тұмау кезінде мұрын қан тамырлары мен қылтамырлары кеңейеді. Соның себебінен шырышты қабық ісініп, тыныс алу жолы бөгеледі. Осы кезде көмекке тамыр тарылтқыш тамшылар келеді. Олардың тәуелділік құрылымы бірнеше факторлар әсерінен болады.

Уақытша фактор

Тәуелділікке алғашқы қадам – құралды ұсынылған 5-7 күннен артық қолдану. Ол дәріге жауап жылдамдығы бірден төмендеуге әкеледі. Яғни, тамызғаннан кейін мұрын тыныс алуды бастамайды. Бірақ мөлшерін арттыру арқылы құрал әсерін қайтадан қалпына келтіруге болады. Сондықтан адамдар назальды спрейді жиірек шашып бастайды да, соған үйреніп қалады. Сонымен қатар, әрдайым тамшы қолдану мұрынның шырышты қабығының құрғауына әкеледі, ол негізі ылғал болуы тис.

Физикалық фактор

Кез келген тамыр тарылтқыш тамшылардың негізін адреналин құрайды. Соның әсерінен мұрын шырышының тарылуы шақырылады. Яғни, адреналин әсерінен мұрын жолдары босатылып, емделуші қайтадан демала алады. Бірақ оны мұрын қуысына шектен тыс жіберу арқылы бұл гормонды шығаратын табиғи механизмін құртамыз. Содан соң бірнеше айдан соң нейроэндокринді жасушалар жұмысының күрделі қайта құрылуы жүреді. Осы уақыттан бастап ағза әрдайым «сыртқы» адреналин мөлшерін қалап тұрады. Сөйтіп, құралға деген физикалық тәуелділік туындайды.

Психологиялық фактор

Тамыр тарылтқыш тамшыларды ұзақ қолдану психологиялық тәуелділік туындауына да әкеледі. Кей емделушінің тыныс алуында проблема болмаса да, дәріні қолдану әдеті қалып қояды. Оның қолы өздігінен спрейге тартылатын болады.

Физиологиялық фактор

Мұрынның әрдайым бітелуі мен ісінуі ағзаның физиологиялық ерекшелігіне байланысты болуы мүмкін. Мысалы, мұрын аралығының қисаюы, төменгі мұрын қалқанының артқы бөліктерінің үлкеюі – қатерлі гипертрофиялық риниттің себебі болуы мүмкін. Бұлардың барлығы тамыр тарылтқыш тамшы қолдануға итермелейді.

Дәрі тәуелділігінен арылтатын 2 қарапайым қадам бар:

1. Бірінші кезекте лор дәрігеріне қаралу. Ол мәселе шешімін анықтау үшін тексеріс жүргізіп, емделудің дұрыс кестесін құрап береді. Тұмаудың ұзақ уақыт бойы кетпеуін мұрын қуысын ренген, компьютерлік томография түсіру немесе синуссканерлеу (жүкті әйелдерге де болады) арқылы біле алады.

2. Екінші қадам – тамыр тарылтқыш тамшылардан бас тарту. Одан ринит болса да, бас тарту керек. Алайда дұрыс бас тарта білу керек. Бұл дәріге тәуелділігіңіз болса, жағдай тыныс алу мәселесі болғандықтан, тамшылардан бірден бас тартпаңыз. Алдымен мөлшерін азайту керек. Ол үшін оның балаларға арналған түрін тамызыңыз. Себебі балалар тамшысында ересектерге қарағанда белсенді заттар екі есе төмен болып келеді. Одан кейін оның орнына теңіз тұзы ерітіндісін қолданыңыз. Соңында дәрігер жазып берген мұрын шаятын құралды ғана қолданыңыз.

Қазіргі кезде тыныс алу жолын ретке келтіретін түрлі әдістер бар. Бастысы проблеманы уақытында анықтап, кәсіби маманға көріну керек.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Ақтоты Жапатова
Фото: Molekule
Қосылған күні: 12 ақпан, 14:49
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.