Жарық денсаулыққа қалай әсер етеді?

Жарық денсаулыққа қалай әсер етеді?
Фото: Мукатай Оразалин

30 жыл бұрын сөз қорына «биоырғақ» сөзі енді. Ғалымдар біздің аңғарғанымызды дәлелдеді: біздің көңіл күйіміз және белсенділігіміз тәулік немесе жыл уақытына тікелей байланысты. Ол сыртқы факторлар әсерінен өзгеретін қандағы гормондар кінәсінен болады. Жарық күн уақытында ағза қоректендіргіш заттарды өңдеумен және энергия шығарумен болады. Ал түнде қоректендіргіш заттар жиналады, қалпына келеді және жасушалар «түзіледі». Бізге күн мен түннің бір-бірінен қатты айырмашылығы жоқ қыс мезгілі қалай әсер етеді?

1. Қараңғылық табиғи ұйықтататын құрал ретінде әсер етеді. Қыста біз босаңсып, жиі ұйқымыз келеді. Жазда терезеден күн шығып тұрғанда ұйқыдан тұру қандай жеңіл екенін есіңізге түсіріңіз. Көз жұмық кездің өзінде сезілетін таңғы жарық көз торындағы жарыққабылдағыштарды белсенді қылады. Олардың арасында ерекше жарық сезгіш түйіндік жасушалары бар. Солар ағзаға бізді ұйқыдан тұрғызып, өзімізді қуатты сезіндіретін нейрохимиялық тізбек жібереді. Қыста таңертең «жарық оятқышынсыз» тұруға мәжбүр болғандықтан, ағза жұмыс режиміне ауысып кете алмайды.

2. Депрессияға түсу. Күннің жетіспеуі эндокринді жүйенің серотонинді (қуаныш гормонын) өңдеуін тоқтатады. Соның себебінен көңіл күйіміз түсе бастайды. Адамдар қыста әдеттегіден ашуланшақ бола түседі. Әрдайым қараңғылық режимді бұзып, нашар ұйықтауға әкеледі.

3. Физикалық белсенділік қысқарады. Кешкі бестерге таман ми пайда болған қараңғылықты «ұйықтау керек» белгісі ретінде қабылдайды. Содан соң ұйқы гормоны мелатонинді өңдеуге белгі береді. Солай аптадан аптаға, айдан айға жалғаса береді. 

Бірақ ғалымдар енжарлыққа салынбай, ағзаға күн жетіспеушілігін толтыруға көмектесетін қарапайым ережелерді ұстануға шақырады.

Режимді дұрыстау

Бір уақытта тұрып және бір уақытта ұйықтап үйреніңіз. Ол өзіңізді қуаттырақ сезінуге үйретеді. Одан да жайлы тұруы үшін арнайы жарық симуляторы бар оятқыштар ойлап табылған. Олар бір сағат бойына жарықты күн сәулесіне ұқсатып бірқалыпты көтереді және оянуға көмектеседі. Мұндай құралдарды интернет-дүкендерден алуға болады. 

Көбірек серуендеу

Бұлтты ауа-райының өзінде далада үй-жайға қарағанда күн жарығы көбірек болады.

D дәруменінің жетіспеушілігін толтыру

Түрліше тамақтанатын, уақытылы және ұзақ серуендейтін адамға бұл дәрумен жетіспейді деп айта алмаймыз. Егер үйде көрпе астында жата бергіңіз келе берсе, D дәруменінің жетіспеушілігін байқасаңыз, оны қосымша дәріханадан алып қолдансаңыз болады. Бірақ оны тағамнан да алуға болатындығын жазғанбыз.

Спортпен айналысу

Серотонин гормонын шынығу арқылы алуға болады. Сондықтан ерінбей, спортпен айналыссаңыз, көңіл күйіңіз жақсы болады және дене келбетіңіз де қалпына келеді.

А. Жапатова