Омырау ісігін жеңген атақты әйелдер

Омырау ісігін жеңген атақты әйелдер
Фото: Dott. Stefano Folzani

Сүт безі ісігі (рак) – онкологиялық аурулардың кең тараған түрі. Бұл ауыр сырқатпен күресу оңай болмаса да, оны жеңіп шыққан адамдар бар. Бұл ауруды жеңуге болатындығын дәлелдеген 6 атақты әйелді ұсынамыз.

1.Кайли Миноунг

2005 жылы аустралиялық әншіде сүт безі ісігі бар екендігін сапарда жүрген кезінде анықтаған. Кайли жоспарлаған барлық концерттерін өзгертіп, химиотерапия курсын бастап кеткен. Оның тыңдаушылары әншіге түрліше көмектесе бастады. Біреулер концертке алынған билеттерді қайтармаса, келесілері қайтарып алған ақшаларын онкологиялық аурулармен күресетін қорға аударған. Кайли ауруды жеңген соң да бұл ісікпен күресуді тоқтатқан емес. Ол қайырымдылық қорын ашты, кітап жазды және әлі күнге дейін әйелдерді уақытылы тексеріс жасап тұруға шақырады.

2. Синтия Никсон

Бастапқыда актриса ауруын жасырып жүрді, бірақ химиотерапия өткен соң, ол туралы «Good Morning America» бағдарламасында ашық жариялады. Оны хабарлаған соң жарыққа париксіз де шығып жүрді. Бақытына орай, Сантиядан ауруды бастапқы кезеңінде тапқандықтан, қазір толықтай жазылды.

3. Лайма Вайкуле

1991 жылы әнші оған жылдам ота жасату керектігін білді.  Хирургиялық араласудан соң да дәрігерлер Вайкуленің тірі қалу ықтималдылығын 20%-ға бағалаған. «Өлу қорқынышты емес деген сөзге сенбеңіз! Ол қорқынышты, менің басымнан өтті», – дейді Вайкуле. Бірақ ештеңеге қарамастан, ол ауруды жеңіп шықты.

4. Анджелина Джоли

Бұл атақты актриса ауруды әдеттегідей емес, алдын алу арқылы басқа жолмен жеңіп шықты. Ол ісікпен ешқашан ауырған жоқ, бірақ алдын алу мақсатында сүт безін алдырту үшін ота жасатты. Себебі, оның анасы да апасы да ісіктен қайтыс болған. Сондықтан Анджелинаның да ауырып қалу қаупі 87%-ды құраған. Отадан соң ол 5%-ға азайды. Анджелинаның айтуынша, ол оны балалары анасыз қалмауы үшін жасаған.

5. Анестейша

Анестейшаға екі рет қорқынышты диагноз қойған. 2003 жылдың қаңтарында әнші арқасында пайда болған проблемадан құтылу үшін омырауын кішірейткісі келгенде, маммография ода ісік бар екендігін көрсеткен. Ол ауру туралы бірінші рет естігенде, БАҚ-на ісіктің жеңуіне жол бермейтіндігі туралы батыл хабарлады. Оның айтқанындай болып, Анастейша ауруды жеңіп шықты. Бірақ 10 жыл өткен соң ол қайтадан ауырып қалды. Ісік кішкентай болса да, ол өзін қауіпсіздендіру үшін қос мастэктомия (сүт безін алып тастау) жасатты.

6. Мэгги Смит

Оскар иесі, көпшілікке Гарри Поттер фильміндегі профессор МакГонагалл рөлімен танылған атақты актриса өзіндегі ауру туралы «Гарри Поттер және Дүбара ханзада» фильмінің түсірілімі бастарлар алдында білген. Мэггиға химиотерапия мен жұмысты бірге алып жүруге тура келді. Емдеу барысында ол шашынан айырылды және әрқашан басы ауырып, құсқысы келе берген. Алайда өзін нашар сезінсе де, түсірілімнен бас тартпаған. Сол кезде ол былай деген: «Бұл ауру мені жолымнан тайдырды. Менің барлық өмірлік ресурстарым таусылды. Мен сахнаға қайта ораламын ба білмеймін. Менің ойымша, театр актрисасы ретіндегі сенімімді жоғалтым алған секілдімін.  Әрине, кино түсірілімі де шаршатады, бірақ психологиялық тұрғыда ол жеңілірек». Қазір Смит толықтай жазылды.

А. Жапатова