D дәрумені медицинадағы ең қызба тақырыптардың бірі. 2007 жылы қарапайым D дәруменін қосымша қабылдайтын адамдар оны қабылдамағандарға қарағанда 7%-ға сирегірек өледі деген зерттеу нәтижесі жарық көрді. Бір жылдан соң басқа көлемді зерттеу бойынша, D дәрумені деңгейі төмен әйелдерде D дәрумені қалыпты әйелдерге қарағанда сүт безі ісігі дамып, өліп кету қаупі жоғарырақ екен. Бұлар таңғаларлық жаңалықтар болды. Сонымен қоса, тағы бір пайымдау бойынша, көпшілік еркектерде, әйелдерде және балаларда осы дәруменнің қажетті мөлшері жоқ екен. D дәрумені не үшін қажет? D дәрумені денеге кальцийді жұтып, сүйектердің өсуіне ықпал етуге керек. Егер D дәрумені жетіспесе, балаларда сүйектердің жұмсаруына, ал ересектерде сүйектердің қисаюына әкеледі. Қазіргі кезде D дәруменінің жетіспеушілігін сүт безі, тоқ ішек, қуықалды без ісігімен, жүрек ауруларымен, депрессиямен және артық салмақпен байланыстырады. D дәруменінің дәлелденген артықшылығына оның кальциймен біріккен сүйектерді бекітетін рөлі жатады. D дәруменінің жеткілікті мөлшерін қалай алуға болады? Аптасына екі рет күн астында күннен қорғайтын кремсіз 30 минут болу D дәруменінің жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етеді. Қорғаусыз күннің астында жиі болу ісік шақыратын зиянды радиациялық әсерге итермелеуі мүмкін. Сондықтан, D дәруменін азық-түліктен немесе тағамдық қосымшалардан алған жөн. D дәрумені қандай өнімдерде бар? D дәрумені санаулы азық-түліктерде ғана болады. D дәруменінің үш керемет тағамдық көзі: - Арқан балық (лосось); - Скумбрия; - Саңырауқұлақтар. Сонымен қатар, D дәруменін суда консервіленген тунецтен, майда консервіленген сардинадан, сиыр бауырынан, жұмыртқаның сарысынан және ірімшіктен ала аласыз.