Аллергиямен күресу үшін

Аллергиямен күресу үшін
Фото: likarni.com

1. Ең алдымен ағзаңыз нені қабылдамайтынын өзіңіз білуіңіз керек. Оны анықтайтын тәсілдер бар. (Арнайы емханаларда қан сараптамасы және теріге тітіркендіргіштер енгізу арқылы анықтап береді). Сосын үй-ішіңіз, достарыңыз, араласатын адамдарыңыздың барлығы неге аллергияңыз бар екенін білулері тиіс. (Сақтық үшін, кейде бұл өмір мен өлім мәселесін шешуі мүмкін). Ал ауырып қалған жағдайда дәрігерге міндетті түрде ескертесіз. 
2. Аллергендермен контактіні мейлінше азайту, болдырмауға тырысу. (Ит-мысықтан айналып өтесіз, жақпайтын азық-түлікті тұтынбайсыз, терезеге бірнеше қабаттаған дәке мата тұтатасыз, шаң-тозаңнан аулақ жүресіз, күніне екі рет үйді ылғал шүберекпен сүртесіз, т.б.)
3. Дәрі-дәрмегіңіз үнемі жаныңызда болсын. Негізі аллергия ұзақ курстармен емделеді. Дегенмен, аяқ астынан ауырып қалғана жағдайыңызды жеңілдететін антигистаминдік препараттар үйде тұрғаны дұрыс. 
4. Емделіңіз. Қазір медицина аллергияны жеңді. Тек үзбей 3 жыл шамасында емделу керек. Мысалы, маусымдық поллинозда күзден бастап, қыста және ерте көктемде бір-бір курс ем аласыз. Ал жаз кезінде онсыз да дәрілердің арқасында күн көресіз. Шарықтау шегіне жеткен кезде (Әркімде әр түрлі, менде тамыздың ортасына қарай) 1-2 апта қан тамырға салынатын тамызғы түрінде препараттар қабылдау керек. Жыл бойы дәрігердің бақылауында болып, емделсеңіз, құлан-таза айығып кетуге болады. 

Т. Есқали