Күндіз көп ұйықтау қауіпті

Күндіз көп ұйықтау қауіпті

Күндіз көп ұйықтауға болмайды екен. Бұл жайында Калифорния университетінің профессоры Мэттью Уолкер күндізгі ұйқының адам ағзасына зияны жайлы зерттеуінде жазды,– деп хабарлайды Business Insider басылымы. 

Профессор күндіз 40-50 минут ұйықтау дененің шаршағанын басатынын, алайда бұл уақыттан артық ұйықтасаңыз, түнгі ұйқыңыз бұзылатынын айтады. Түнгі ұйқының бұзылуы ұйқысыздыққа шалдықтырады. Профессор күндізгі ұйқы түнде қанбаған ұйқының орнын толтыра алмайтынын да тілге тиек етті. 

– Егер адам 8 сағаттық ұйқының дағдысын бұзса, одан да көп уақыт ұйықтауды әдетке айналдырып алады,– дейді Уолкер. 

Сонымен қатар профессор жұмыс күндері аз ұйықтап, демалыс күндері көбірек ұйықтауға дағдыланбауға кеңес береді.

Н. Үсенова