- Негізгі бет
- Денсаулық
- Өт айдайтын дәрі-дәрмектердің...
Өт айдайтын дәрі-дәрмектердің пайдасы мен зияны
Өтті айдайтын дәрі-дәрмектер мен емдік шөптер үй жағдайында ем жасауға қауіпсіз. Дегенмен оны аса сақтықпен және өз тәртібімен пайдалану керек. Сіздерге бүгін соның бірнеше түрі мен тәсілін айтамыз.
Емдік шөптер тұнбасы
Өт айдайтын препараттардың пайдалы екені шүбәсіз. Олар асқорытуды жеделдетіп, ішек жұмысын жақсартады, іш қатуды төмендетеді. Сонымен қатар бактерияға қарсы күресуге ықпал жасап, аш ішекке микробтың жиналуын азайтады. Тұнба арқылы ағзадан керексіз заттар мен xолестерин шығады. Егер ем дұрыс қолданылмаса өзге дертке ұшырау қаупі бар екені есте болсын. Осы орайда мүмкіндік болса дәрігердің кеңесімен ем жүргізген дұрыс.
Қай кезде қолдану қауіпті?
Панкретит, гепатитпен ауырған кезде өт айдайтын препараттарды пайдаланудың қажеті шамалы. Бауыр циррозы, ішектегі тітіркену кезінде де мұндай дәрі-дәрмектер екінші бір дерттің асқынуына жол береді. Көп жағдайда бауыр жасушаларына аса салмақ түседі де, бұл ағзадағы антиоксиданттың (организмдегі тотығу процесін болдырмайтын немесе тежейтін заттек) маңызын төмендетеді. Бұған көпкомпонентті аралас емдік шөптерді жатқызуға болады. Мәселен, олар тыныштандыратын, өт айдайтын, іш жүргізетін жиынтық шөптер.
Өттегі майда тасты түсіруге бола ма?
Өт айдайтын дәрі-дәрмектер арқылы өт қалтасындағы майда тастарды мамандар түсіруге болмайтындығын ескертеді. Себебі егер өт қалтада тас пайда болған болса, ол өт жолын жауып адам өміріне қауіп төндіреді. Алайда мұндай дәрі-дәрмектер өтте тас жиналмаудың алдын алу үшін пайдаланатыны есте болғаны дұрыс. Мамандардың айтуынша май мен лимон шырыны арқылы ағзаны тазалау кейде тырысу мен өт жолдарының жабылуына, ұйқы безіне залалын тигізеді дейді.
Тас байланудан қалай сақтану керек?
* Уақытымен құнарлы тағамдармен тамақтану;
* Асқазанды аптасына бір күн болса да демалдыру;
* Салмақты қалыпты жағдайда ұстаңыз. Семіздік пен артық салмақтан өтке тас жиналу қаупі жиірек орын алады.
* Салмақты тез жинауға немесе тез тастауға тырыспаңыз. Мұндай жағдайда өтке тез тас жиналады. Салмақ тастау керек болса аптасына 0,5 - 1 келіден ғана арылуға тырысыңыз.
Дертке кімдер бейім келеді?
* Негізі өтке тас байлану ерлерге қарағанда әйел адамдарда көп кездесетін көрінеді;
* 40 жас және одан жоғары;
* Гармондық препараттарды көп қолданғанда;
* Тұқым қуалайды;
* Қант диабетімен ауыратындарда;
* Бауыр циррозымен ауыратын науқастарда;
* Аз қимыл-қозғалыстағы жандар.
Емдік шөптердің пайдасы
Салаубас - өт айдайтын емдік шөптердің бірі. Оның құрамында эфир майы, аскорбин қышқылы мен каротин бар. Салаубас мұнымен қатар ішектегі құрттарды түсіреді және қан тоқтататын қасиетке ие.
Жүрегі шашағы Д дәрумені, инозит, крептоксантин, ситостерол, стигмастерол секілді заттардан тұрады. Сонымен қатар оның өт айдайтын ерешелігімен қатар қан тоқтататын, зәр айдауда көмегі айтарлықтай. Соңғы уақыттары фитомедицинада жүгері майын көбірек қолданылып жүр. Жүгері майы қандағы xолестерин деңгейін төмендетеді, атеросклероз дертінің алдын алады.
О. Сансызбай