- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ыстық ванна қабылдауға...
Ыстық ванна қабылдауға бола ма?
Қатты шаршаған күндері жылы су толтырылған ваннада жатқымыз келетін күндер болады. Кей мамандар ыстық ванна қабылдау пайдалырақ екенін айтады. Ендеше, ыстық ванна қабылдаудың пайдасы туралы және зиянды тұстары бар ма екенін анықтайық.
Жоғары температуралы су адам ағзасына біраз жайлы әсер береді. Біріншіден, тері сыртынан және жалпы денеден ластықты кетіреді. Ыстық су астында ұзақ отыру тері булануына әкеліп, ондағы ұсақ тесіктер максималды түрде ашылады. Сондықтан ыстық ванна қабылдаған соң, теріні скрабпен тазалап, оған ылғалдандырушы немесе құнарландырушы крем жағуға болады.
Ыстық ванна қабылдау күйзелістен және жүйке жүйесінің шаршауынан жылдам құтылады. Оның көмегімен ұйқысыздықтан, депрессиядан, ашуланшақтықтан да құтылуға болады. Қыс мезгілінде ыстық ваннада жылынып алып, сырттан шаршап келгеніңіз бірден басылып, қайтадан күш жинап аласыз.
Бұл процедураның қолайлы созылу уақыты 20 минутты құрайды. Бұл кезде ваннадағы су температурасы +41+42ºС шамасында болуы керек. Ыстық суда бастапқы күндері 5 минуттан бастап, ары қарай біртіндеп қосқан жөн.
Ыстық судан соң ылғалдың, тұздың және С дәруменінің жоғалуын қалпына келтіру керек. Ол үшін тазартылған су ішіңіз. Тұз бен күнжіт дәнін араластырып, шикі көкөністен жасалған салатпен бірге жеңіз. Содан соң 40 минут шамасында ештеңе ішпеңіз.
Суық тигенде ыстық ванна қабылдау
Қатты шаршау, әлсіздік, сүйектердің сырқырауы, қолайсыздық, бұлшықеттердің ауруы, бас ауруы, тамақтың қышуы, жөтелу және тұмау кезінде ыстық ванна қабылдауға болады. Алайда бұл жағдайларда кей ережелерді сақтаған жөн:
- Өте ыстық суда жуынуға болмайды. Судың температурасы +34+37ºС болғаны жөн;
- Суық тигенде ыстық ваннаны 15 минуттан артық қабылдамау керек;
- Ыстық ванна мен спиртті сусындарды бірге қолдануға болмайды. Себебі, ол иммунды жүйені әлсіретіп, жұқпалы аурумен күресу жолын қиындатады;
- Тұмау кезінде ыстық ваннаны ұйықтар алдында қабылдаған жақсы. Судан шыққан соң, денеңізді әбден құрғатып, жылы көрпенің астында жатыңыз;
- Тұмау кезінде ваннадағы суға емдік шөптер бұқтырмасын немесе дәмдеуіштер (мысалы, үккіштен өткізілген занзабіл) қосуға болады. Мұндай қосымшалар иммунды жасушалардың белсенділігін арттырады.
Ыстық ваннаның пайдасымен қатар зиянды да жақтары бар:
- Ол жүрек бұлшықеттері мен қылтамырларына қарқынды күш түсіреді. Сондықтан жүрек-қан тамырлары жүйесі ауыратын адамдарға ыстық ванна қабылдауға болмайды.
- Ыстық суға жиі түсу терінің ерте қартаюына әкеледі. Сондықтан оны аптасына 2 реттен артық қабылдамаңыз.
- Босаңсытатын бұл әдісті жүкті әйелдерге қолдануға болмайды.