- Негізгі бет
- Денсаулық
- Әжімді кетіру жолдары...
Әжімді кетіру жолдары
Адам 30 жастан асқаннан кейін терідегі ұштастыру тінінің кейбір элементтері бүліне бастайды, оның майлы заттарды шығаруы әлсірейді. Уақытқа қарсы дәрмен жоқ болса да, әжім түсуіне септесетін кейбір факторларды өзіміз де тыюға болады.
1. Құрамында альфа-оксиқышқыл бар кремдер мен лосьондарды пайдаланыңыз. Олар сүтте, жемісте болады, терінің сыртқы қабатындағы күні біткен жасушалардың түсіп қалуына жәрдемдеседі. Альфа-оксиқышқылдар кейде теріні тітіркендіреді. Сондықтан оны терінің кішкене жеріне жағып көріңіз, ертеңіне ол жер қызарып кетпесе, пайдалана беріңіз.
2. Салфетканы сүтке шылап, теріні бүркеңіз.
3. Алоэны бүгінде көпшілік адам үйінде өсіреді. Соның бір жапырағын кесіп алған бойда, іш жағын теріге басып қойыңыз.
4. Папайя деген жеміс терінің сыртқы бетінен түк қоймайтын ферменттерге толы, олар әжімді байқатпайды. Папайя жемісін жуып, қабығын алып тастасаңыз да, 2 ас қасығын алып 1 ас қасық сұлы ұнымен жақсылап араластырыңыз. Оны теріңізге жағып, 10 минут күтіңіз. Содан кейін салфеткамен сүртіп тастаңыз.
5. Аптасына бірнеше рет лосось, сардина, тунец, скумбря балықтарын жеңіз. Олар теріге нәр беретін омега-3 атты майлы қышқылға бай. Бұл қышқылға зығыр майы да бай. Күн сайын 1 шай қасығын пайдаланыңыз. Оны ботқаға, салатқа қосуға болады.
6. Миуаны, көкөністі, жаңғақты көбірек жеңіз. Олар А, С және Е дәрумендеріне бай.
7. Күнде жеткілікті мөлшерде су ішіп жүріңіз. Су көбірек ішсек, теріміз ылғалданады.
Ж. Жұмағұлов