Қандай тағам неге ем?

Қандай тағам неге ем?
Фото: massaget.kz

Тамақтануда қазақ халқының өзіне тән ерекшелігі бар. Біз жиі пайдаланатын тамақ түрінің ағзаға қалай әсер ететінін біле бермейміз. Осыған байланысты мына қағидаларды назарларыңызға ұсынып отырмыз: 

Жылқының еті – бүйрек пен белді желден тазартады.

Сиырдың еті – салқын, майлы, желдің қызуын қайтарады. 

Қойдың еті – денедегі желді басады. 

Тауықтың еті – ұрықты көбейтеді, жарақат алған кезде пайдалы. 

Суырдың еті – майлы, ауыр, ісік кезінде пайдалы. 

Балық – асқазан ауруларына ем, тәбет тарттырады, көзге пайдалы, ірің мен жалқыншақты тыяды. Сонымен бірге балықтың құрамында кальций көп болғандықтан сүйектің сынбауына да көмектеседі. 

Сары май, жұлын мен іш май дәмді, ішкі ағзаны тазартады. Әлсіреген, шаршаған, ұрығы мен қаны әлсіз қарттар мен балаларға іш тазартуға, желді шығаруға пайдалы. 

Сүр май – ақылынан адасқан, есінен айырылған адамдарға көмектеседі. 

Шыжғырылған май – жадыны жақсартады. Жылу мен күш-қуат беріп, өмірді ұзартады. 

Сүйектің майы – желді қуып, қуаттандырады. 

Іш май – буындардың сырқатын, күйікті жазуға, құлақ, бас, жатыр сырқаттарынан арылуға көмектеседі. 

Қуырылған күріш – сынған сүйектердің бітуіне жәрдемдеседі. 

Сиырдың сүті – несеп ауруларына пайдалы. 

Ешкінің сүті – ентікпеге ем. 

Қойдың сүті – желді қуады. 

Көк шай – іш ауруын, сүзекті қоздыратын бактерияларды жояды, ұсақ қан тамырларын морт үзілуден, күн өтуден қорғайды. 

Көк шайдың қуыққа, бауыр мен бүйрекке тас жиналуынан алдын ала сақтану үшін де пайдасы бар. Ол теріні жақсартып, терлетеді. 

Кепкен өрік – ағзаға қуат береді. Әсіресе, ер адамдарға.

Жаңғақ, жүзім, ірімшік – сергек жүруге, бас ауруын жазуға ықпал етіп, жүйке мен бұлшық еттерінің жұмысын жақсартады. 

Сүзбе – ұмытшақтық, жүрек, бауыр ауруларына ем ретінде жақсы. 

Картоп – гипертониямен ауырғанда қабығымен пісірілген картопты аршымай жейді. 

Бүлдірген – бауырға тас жиналғанда күніне 6 рет жарты стақаннан жеу керек. 

Апельсин мен лимон – гипертония алғаш басталған кезде және әйелдерде кездесетін ауруларға бірден-бір ем. 

Сарымсақ – қан аздығын емдеуге қолданылады, ас қорытуды жеңілдетіп, ішектің қалыпты жұмыс істеуіне әсер етеді. 

Ж. Жұмағұлов