Ғалымдар шұлық киіп ұйықтаудың пайдасын айтты

Ғалымдар шұлық киіп ұйықтаудың пайдасын айтты
Фото: google.kz

Nature журналында жарияланған жаңа зерттеу шұлық киіп ұйықтайтын адамдардың ұйқысы қатты болатынын дәлелдеді.

Түнде шұлық киіп ұйықтаудың пайдасы Қытай халық медицинасының дәрігерлеріне баяғыдан-ақ мәлім екен.

Ғалымдардың айтуынша, шұлық кигенде аяқ жылынып, қан тамырлары кеңейеді. Ал бұл миға ұйықтау керектігі туралы белгі береді екен. Осылайша, адам тез ұйқыға кетеді әрі ұйқысыздық та мазаламайды.

Жаңа зерттеу түнде шұлық киіп жататын адамдардың әдеттегіден 15 минутқа ерте ұйықтайтынын дәлелдеді. Бұған қоса, шұлық аяқ терісінің құрғақтығымен күресуге де көмектеседі екен.

«Суық энергия ағымына тосқауыл қояды, ал жылу керісінше. Мәселен, жылы ваннада бұлшық еттеріңіз босаңсып, рақаттансаңыз, ал суық суда денеңіз тітіркенеді. Дәл осы принцип аяққа да әсер етеді. Суықтан қан тоқтап қалып, кейін ауруға апаруы мүмкін», - деп ескертті қытай және интегративті медицина дәрігері Элизабет Траттнер. 

Дереккөз: baq.kz

Г. Берік