- Негізгі бет
- Денсаулық
- Құлақ ауырған кезде...
Құлақ ауырған кезде не істеу керек?
Дені саудың – жаны сау. Адам қай жері ауырса, жаны сол жерде. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген жөн. Бірақ түрлі жағдайлар орын алып, үйде амалдауға тура келген кезде көмек керек болады. Соның бірі құлағыңыз ауырған кез, мұндайда не істеу керек?
Ең алдымен ауруға баға береміз. Себебі қай жері, қалай, неден ауырып тұрғанын анықтап алу маңызды.
Құлақ үш түрлі бөліктен тұрады: ішкі, ортаңғы және сырты. Сыртқы бөлігі ауырып тұрса оны табу сізге оңайға соғады. Яғни бірдеңе шыққан болса, не шаққан болса ол көзге көрінеді. Аллергия болса сырты қызара бөртіп тұрады.
Ортаңғы бөлік – бұл есту барабаны мен кеңсірік арасындағы жалғамалы тамырлар. Ортаңғы бөлік сыр берген кезде температура көтеріліп, құлақ асты бездері ісіп, жартылай естімей қаласыз. Кейде құлақтан құлық та ағады.
Ал ішкі бөлік аурған кезде есту бөлігі толығымен жабылып қалады. Ішкі құлақ ауруының асқынуы өте қауіпті. Мұндай жағдайда жүрек айну, бас айналу орын алады.
Үйде емді қалай жасау керек?
Ең алдымен, сіз жоғарыда атап өткендей құлақтың неше бөліктен тұратынын білдіңіз және қандай жағдайда әрекет жасау керектігін де түсіндіңіз.
Егер құлақтың сыртқы бөлігі ауырып тұрса, оған жағатын қыспа майлар мен бальзамдар бар. Одан қала берді дәрі-дәрмектермен түрлі медициналық көмек бар.
Ал ортаңғы бөлік ауырған жағдайда басқа тәсілге көшу керек. Егер құлақтың есту мүшесіне суық тиген болса, жартылай естімей, қызуыңыз көтеріліп тұрса, онда алдымен 35-40 градустқа қайнаған ыстық шайдың немесе судың буына ауырып тұрған құлағыңызды тосыңыз. Одан бөлек қара тұзды (ас тұзы да жарайды) отқа қыздырып, орамалға екі қабаттап орап, құлаққа 10-15 минут басыңыз. Ал бұл тәсілдер көмектеспесе бірден дәрігерге барыңыз. Себебі асқынып кеткен жағдайда оған үйде жасалатын емнің қажеті болмайды.
Ең ішкі бөлік ауырған жағдайда үйде ешқандай ем жасамауға кеңес береміз. Тек ауырған жерді басу үшін анитбиотик ішуге болады. Ал негізгі жұмысты дәрігерлерге қалдырыңыз. Себебі бұл өте қауіпті.
Есту мүшесінің ең маңызды ағаз екенін ұмытпаңыз, оқырман!