- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жұмыссыз жандар үшін...
Жұмыссыз жандар үшін медициналық сақтандыру қалай жүзеге асырылады?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша жарна төлеуден босатылатын азаматтар жайлы жазған едік. Енді көптің көкейінде жүрген сұрақтардың бірі: «жұмыссыз жүрген жандар үшін медициналық сақтандыру қалай жүзеге асады?» - деген.
Егер сіз жұмыссыз болсаңыз: онда Сізге жергілікті жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіру қажет жəне олар сізге жұмысқа орналасу жолдарын ұсынады. Егер сізге қолайлы жұмыс болмаса, онда сізді жұмыссыз ретінде тіркейді. Бұл жағдайда сіз үшін салымды мемлекет төлейтін болады.
Егер төлемесеңіз не болады?
Сіз МӘМС-тің қатысушысы болып табылмайсыз, сондықтан Сіздің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің аясындағы медициналық көмекке қолжетімділікке құқыңыз болмайды. Дегенмен, Сіз мемлекетпен кепілдік берілген мыналарды қамтитын медициналық көмектің көлемін:
- жедел жәрдемді және санитариялық авиацияны;
- әлеуметтік мәні бар аурулар кезінде және қысылтаяң шақтағы жағдайларда медициналық көмекті;
- алдын алу екпелерін;
- 2020 жылға дейін амбулаторлы дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету арқылы амбулаторлы-емханалық көмекті ала аласыз.
Азаматтардың осы санатына арналған медициналық қызметтің қалған барлық түрлері ақылы негізде көрсетілетін болады.
Міндетті медициналық сақтандыру – бұл денсаулықты сақтауда азаматтардың мүдделерін әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі. Бұл жүйе жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрған жеріне және табысына қарамастан Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражаты есебінен медициналық және дәрі-дәрмектік көмекке теңдей қолжетімді болуына кепілдік береді.
О. Сансызбай