Тәтті сусын адамды тез қартайтады

Тәтті сусын адамды тез қартайтады
Фото: Zabaka.ru

Мамандар зерттеу нәтижесіне негізделе отырып: «Тәтті сусындық қартаю барысын тездетеді, оның адам ғұмырына тигізетін кесірі спирттік сусындармен бірдей, сусындық тәтті болған сайын, оның адам денесіне жасайтын ықпалы зор болады» деген қорытындыға келген.

Тәтті сусындықты тұтынған кезде адам денесіне екі бірдей қысым түседі екен. Мұның бірі, тәтті сусындықтар адам денесінің зат алмасуын бей-берекет күйге келтіріп, адамды тез семіртеді. Енді бірі, осындай сусындықтардың көбінің құрамындағы жасушаның қартаюын тездедеді.

Бұл қорытынды шамамен 5000 ерікті қатынасқан сынақ арқылы расталған, сынаққа ерікті қатынасушылардың жасы 20 ~ 65 жас аралығында болып, олардың зат алмасуы, жүрек және қан тамырларының қызметі түгелдей жақсы. Мерзімді уақыт бойынша сынақ жүргізу арқылы үнемі тәтті сусындық тұтыну адам денесіндегі жасушалардың қартаюын тездететінін растаған.

Зерттеу нәтижесі бойынша, тәтті сусындықты көп тұтынатын адамдар әдеттегі адамдардан 5 жыл аз жасайды екен.

 

Г. Берік