Омыртқаға пайдалы 3 жеміс

Омыртқаға пайдалы 3 жеміс
Фото: www.lifehack.org

1,5 ай бойы күнде жатар алдында мына 3 жемісті пайдалануды әдетке айналдырыңыз:

-кептірілген өрік (курага)
-інжір (инжир) 
-қара өрік (чернослив)

Бұларды төменде көрсетілгендей мөлшерде пайдаланған жөн:

1 тал інжір 

5 кептірілген өрік 
1 тал қара өрік жемісі

Жоғарыда көрсетілген жемістердің құрамында омыртқааралық жұмсақ дискілерді құрайтын ұлпаны қайта қалпына келтіруге қауқарлы пайдалы заттар бар. Бұл заттар осы ұлпаларды неғұрлым мықты және иілгіш етеді. Осы тіндердің нығайтылуының арқасында омыртқаны коррекциясыз-ақ табиғи жолмен қайта қалпына келтіруге болады.

Осы қоспаны пайдаланып көрсеңіз омыртқа ауруының қаншалықты азайғанын байқайсыз. Бұл заттарды бөлек-бөлек қолданған кезде қажетті нәтиже бермеуі мүмкін. Себебі, омыртқаға пайдалы заттар осы 3 жемістің қоспасында ғана түзіледі.

Бұл жемістер қоспасын әдетте омыртқасына ауыр салмақ түсіретін спортшылар пайдаланады екен.

Әрқайсысының жеке артықшылықтарына тоқталатын болсақ, өрік – нағыз пайдалы заттар көзі. Кептірілген өрік құрамындағы калийдің көп болуына байланысты жүрек бұлшықетіне және онко ауруларға қарсы пайдаланылады. Оның құрамында  фосфор, темір, кальций, каротин, витамин В5 бар.

Інжір – қатерлі ісікке қарсы профилактика және қалқанша қызметін қалпына келтіруші ретінде қызмет атқарады. Сонымен қатар, кептірілген інжір ішек паразиттерін жоюға көмектеседі. Ол бронхит емдеу құралы ретінде пайдаланылады.

Қара өрік, ең алдымен, асқазан-ішек жолдарына пайдалы болып табылады. Бұл жемістің тұнбасы ас қорыту жүйесін қалыпқа түсіруге көмектеседі. Сонымен қатар, қара өрік жоғары қан қысымы және ревматизм, бүйрек пен жүрек аурулары үшін пайдалы. 

А. Оралқызы