- Негізгі бет
- Денсаулық
- Ауыз қуысындағы жағымсыз...
Ауыз қуысындағы жағымсыз иістен арылудың 5 жолы
Ауыздан жағымсыз иістің шығуы сөйлеуші үшін ғана емес, тыңдаушыға да ұнамайтыны сөзсіз. Сондықтан бұл иістен тезірек құтылуға асығыңыздар. Ауыз қуысындағы жағымсыз иіс – ауыз қуысындағы, қызыл иек, тіс пен тілдегі бактериялардың шығаратын газы. Әрине, одан арылудың қарапайым жолы – тісті уақытылы жуу. Сонымен қатар төмендегідей 5 жолы да бар.
1. Тіс дәрігеріне қаралыңыз
Кейбір бактериялар тісте көп мөлшерде жиналып, жағымсыз иіс шығарады екен. Ал оны стоматологтар тазалап береді. Бұл бактериялар тістің беріктігін төмендетіп, тісте жарықтар пайда болады. Осы жарықтардан шіріген, құрттаған тістердің түбіндегі жағымсыз иістердің шығуы да ғажап емес.
2. Мұрныңызды тексертіңіз
Ауыз қуысуы сасуының тағы бір себебі – мұрын жолдарынан шығатын иісі жағымсыз бөлінділер болуы мүмкін. Мұндайда мұрын жолдарын тұз ерітіндісімен шаю қажет. Осыдан кейін де жағымсыз иіс шығатын болса, ЛОР дәрігерге қаралыңыз.
3. Бадамшадағы тығындар
Бадамша (миндалины) – мұрын, жұтқыншақ, ауыз қуысының аралықтарына орналасқан безлер. Оларға түрлі бактериялар жиылып, тығындар пайда болады. Міне, содан жағымсыз иіс шығады. Сондықтан бұл тығындарды алдырту керек. «Waterpik» деген құрылғымен алады.
4. Ас мәзіріне назар аударыңыз
Сарымсақ, пияз сияқты өткір иісті тағамдардан ауыз қуысында жағымсыз иіс қалатынын бәріміз білеміз. Сондықтан олардан кейін дереу ауыз шаю керектігін ұмытпаңыз.
5. Асқазаныңызды тексертіңіз
Жоғарыда аталған кеңестердің көмегі болмаса, дәрігерге барып, асқазаныңызды қаратыңыз. Өйткені жағымсыз иістің бір себебі – асқазанның дұрыс жұмыс істемейтіндігі.
Дереккөз: anabol.kz
Г. Берік