Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Жүрекке пайдалы тағам

Жүрекке пайдалы тағам

Жүрекке пайдалы тағам

Жүрегіңіздің саулығын сақтау үшін тамақтану тәртібіңізге көңіл бөлгеніңіз жөн. Себебі, жүрек үшін дұрыс және салауатты тамақтану маңызды рөл атқарады. Кез-келген адамның жүрегі ол дәрумен қабылдаған кезде «қуанады», әсіресе, В және Р тобындағы дәрумендерді қабылдаған кезде. Жоғарыдағы дәрумендерге қосымша, жемістер мен көкөністерді көп пайдаланыңыз.

Қышқыл және тәтті, қызыл және жасыл алманың барлық түрлері біздің ағзамыз үшін, әсіресе, жүрек үшін өте пайдалы. Тіпті, бұл туралы ағылшындарда мақалда бар, орыс тіліне аударғанда шамамен «Съешь яблоко на ужин и доктор тебе не будет нужен» осылай болады.

Адамның жүрегім мынадай химиялық элементтерге мұқтаж болады:

Йод – бұл химиялық элемент зат алмасу процесін әсер етеді. Йод кальмар, теңіз балығы, балдырлар мен асшаяндар сынды теңіз өнімдерінде көп болады. 

Калий – денедегі артық сұйықтықты жойып, жүрек бұлшықетінің қызметін жақсартады. Інжір, қара өрік, асқабақ, қырыққабат, картоп, қызыл және қара қарақат, сондай-ақ итмұрынның құрамы калийге бай.

Магний – несеп айдағыш және тыныштандырғыш қасиеттері бар химиялық элемент. Бұл элемент қан тамырлары қабырғаларына қатқан қанды кетіреді. Ағзаңыздағы магний жеткілікті мөлшерде болу үшін рационыңызда мынадай тағамдар болуы керек: сұлы, бидай, қарақұмық, қызылша, бұршақ, жаңғақтар және сәбіз. Магнийге тәтті бадам, банан, кебек және соя ұны бай.

Сонымен қатар, жүрек сүт және вегетариандық сорпаны жақсы көреді.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Қосылған күні: 12 қаңтар, 11:49

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.