Ағзаның "ренжігенін" қалай білеміз?

Ағзаның "ренжігенін" қалай білеміз?
Фото: gleneagleskl.com.my

Адам ағзасына тамақ «жолдаған» кезде «жолдамасы» ұнамаса, ағза мінез көрсетіп, қылығын танытып жатады. Мұны кейбіріміз түсінбеуіміз мүмкін. Ағза бұл туралы теріге безеу шығарып, басыңызды ауыртып, қыжыл тудырып хабар береді. Ол тағы қалай хабар бере алады? 

1. Безеу 
Безеудің шығуы әлі күнге толық зерттелмей келе жатыр. Бірақ оның ағзадағы өзгерістерден туатыны белгілі. Анығында, бұл тамақтанумен байланысты. Безеу бауырдағы токсиннің көптігінен пайда болады. Бауыр күресе алмаған токсиндер теріге шығады. Міне, тамақтанудағы қателікті безеуден-ақ білуге болады. 

2. Артық салмақ 
Токсиндер тек безеудің шығуына сеп болмайды. Ол артық салмақ қосуға да «көмектеседі». Сіз ағзаңызға зиян келтіретін тағам жесеңіз, (мысалы, фастфуд) ағза май жасушаларын түзіп, суды ұстап тұрады. Ал осы сәтте адамның көңіл-күйі де бұзылады. 

3. Целлюлит 
Целлюлит – токсиндердің май жасушаларымен, сұйықтықпен және өзге де жасушалар қалдығының жиналуы. Нәтижесінде ол едәуір көбейіп, тері апельсин қабығы секілді қалыпқа енеді. Май жасушасында зиянды заттар жылдап арта бастайды. Ал оны жою үшін дұрыс тамақтану керек және өмір сүру қалпыңызды өзгерту керек. 

4. Бас ауруы 
Бас ауруы көбіне ішек жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан туындайды. Ал ішек дұрыс тамақтанбаудан, ішімідк ішкеннен, дәрі мен күйзелістен ауырады (кей адамдардың күйзеліс кезінде іші ауырады). Белгілі бір тағамнан аллергиясы бар адамдардың да басы жиі ауырады. 

5. Қыжыл 
Майлы, ауыр, ащы және көп тамақ жесеңіз, асқазан күндегідей тамақты тез қорыта алмайды. Осы сәтте өттен бөлінген ащы сөл (запыран) мен асқазаннан бөлінген сөл жеген тамақты сыртқа газбен немесе құсумен шығарады. 

6. Диарея 
Ағзаңыз токсиндерді «қабылдаған кезде» ол өз қорғанысы диареяға сүйенеді. Себебі, токсин артық және зиянды заттарды ағзадан тез шығарғысы келеді. 

7. Іш қату 
Ағза ішке түскен тағамның зиян екенін сезсе, ол ас қорытудан бас тартады. Сол кезде қорытылмаған ас бір жерге жиналып, келесі ас қорытуға кедергі келтіреді. Дұрыс тамақтанбайтын адамдар осы мәселемен қиналады. 

8. Шаршау 
Зиянды тағамдардан ағза өзіне керекті қуат ала алмауы мүмкін. Сол себепті, адам шаршайды. 

9. Тәуелділік 
Бойында күш қалмай, үнемі шаршап жүретін адамдар кофе, шылым, қант, ішімдік секілді зиянды заттарға тәуелді болады. Мұндай кезде ағза да дұрыс қызмет атқарудан бас тартады. 

Г. Берік