- Негізгі бет
- Денсаулық
- Керілу жаттығуды алмастырады...
Керілу жаттығуды алмастырады
Көптеген адамдар таңертең спортпен айналысуға өздеріне уәде беріп жатады, бірақ жұмысты сылтауратып, уақыттың жоқтығын айтып таңғы жаттығу есінен тез шығып кетеді. Алайда медицина саласындағы соңғы зерттеулер таңертеңгі жаттығуды әдеттегі керілумен ғана алмастыруға болатынын дәлелдеді.
Барлығымыз ұйқыдан тұра сала бұлшықеттерімізді қалпына келтіру үшін керілеміз. Бір қызығы, таңертеңгі керілу йогамен айналысқанмен бірдей нәтиже береді екен. Жалғыз айырмашылық – әрқайсымыз керілуді туғаннан бастап білеміз. Ал негізгі тапсырма – дұрыс керілу, сол арқылы денсаулыққа оң әсерін тигізіп, жан рахатын сезіну. Түнгі ұйқыдан кейінгі созылатын бұлшықеттер токсиндерден құтылып, қосымша оттегімен толтырылады. Омыртқамен созылу ішкі мүшелер мен қан айналым функцияларын жақсартады. Сонымен қатар денеге күшті энергия мен нақты серпін береді.
Ендеше, қалай дұрыс керілу керек? Таңертең көзіңізді ашқаннан соң жайланып жатып, бірінші кезекте, жағымды нәрселерді ойлаңыз. Содан кейін, төсектің шетіне баяу отырыңыз. Бұл жағдайды кейбір йога нұсқаушылары көлденең пассивті орта және тік активті орта деп атайды. Таңғы жаттығуды терең тыныс алумен жалғастырыңыз. Терең тыныс алуды бірнеше рет қайталап, өз сезімдеріңізді тыңдай отырып, тікелей керілуге көшіңіз. Қолдарыңызды жоғары көтеріп, рахаттанып төмен түсіріңіз, осы сәтте ойыңздан керексіз заттың бәрін шығарып тастаңыз. Оңға, солға және артқа қарай керіліңіз. Дененің кейбір бөліктерінде шиеленіс сезімі пайда болса, оған көп назар аударыңыз, бірақ асыра сілтеп жібермеңіз.
Осы жаттығуларды орындап болған соң, душқа баруыңызға болады. Бұларды күнделікті қайталап тұру сізге күні бойы көтеріңкі көңіл күй және сергектік сезімін сыйлайды.
Дайындаған: Әбдімәлік Сайтбеков
Дереккөз: Ана бол
Y. Almabek