- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жүктілік кезіндегі күйзеліс...
Жүктілік кезіндегі күйзеліс қауіпті
Жүктілік кезіндегі күйзеліс қауіпті Жүктілік кезінде әйелдердің психикасында көптеген өзгерістер орын алады. Әсіресе, ұмытшақ болып бара жатқаны туралы жиі шағымданып жатады. Бұл – қалыпты жағдай саналады. Бірақ, жүктілік кезінде күйзеліске жол бермеу керек.
Қорқыныш, уайым, өкпе-реніш пен күйзеліс жатырдағы кішкентай өмір иесіне көп күш салады. Сондай-ақ жүкті әйелдің психикасына да әсер етеді. Жақында ғалымдар жүктілік кезіндегі күйзелістің ұмытшақтыққа да ұшыратынын мәлімдеді. Қатты күйзеліс әйелдің жадына да кері әсерін тигізеді екен.
Күйзеліске ұшырамау үшін не істеу керек?
Біріншіден, мүмкіндігінше көбірек жақсылық туралы ойлау, босаңсуды үйрену;
Екіншіден, уайымдарыңыз бен сезімдеріңіз туралы жақын жандарыңызбен сөйлесу;
Үшіншіден, көңіл-күйіңізді бөгемей, ашық жеткізу;
Төртіншіден, бірқалыпты дене шынықтыруға да ерекше мән беру керек.
Бесіншіден, дұрыс тамақтаныңыз. Осыған байланысты ағзадағы биохимиялық процесстердің көбі психологиялық жағдайға әсер етеді.
О. Сансызбай