- Негізгі бет
- Денсаулық
- Иммунитетті арттыратын азықтар...
Иммунитетті арттыратын азықтар
Адам ағзасын әртүрлі сырқаттардан сақтайтын басты фактор – иммунитеттің мықты болуы. Бір күнде желінетін жас сәбіздің өзі – сіздің иммунитетіңізді едәуір күшейтеді. Дене қызуының көтерілуінен және суық тиюге қарсы емдік заттың бірі таңқурай екенін бәрі біледі.
Клиникалық зерттеудің нәтижесінде, таңқурай қатерлі жасушылардың өсуі тоқтататыны дәлелденді. Атап айтсақ, көкіректің қатерлі ісігі, асқазанасты безінің қатерлі ісігі, жатырдың қатерлі ісігі, терінің қатерлі ісігіне пайдалы екен. Себебі, таңқурайда эллак қышқылы бар. Ол ісік жасушыларымен күреседі.
Түсті қырыққабат В дәруменінің үлкен көлемін құрайды. Сондықтан, артрит ауруына көмегі күшті. Қырыққабаттың құрамындағы С дәрумені де апельсиннен кем түспейді. Ашытқан қырыққабаттан С дәрумені азайып қалмайды, бұл дәрумен ұзақ сақталады. Оған қоса, қырыққабақ құрамында аскорбин көп болады.
Домалақ басты пияз түрлі вирустарды өлтіреді. Сондықтан оны күз және қыс мезгілдерінде көп жеген дұрыс. Жаңа сығылған пияз шырынын күніне 3-4 рет 1 шай қасықпен тамақтың алдында ішкен дұрыс, асқазанның жұмыс істеу қызметін жақсартады.
Бұршақ құрамындағы кремнийдің жоғарғы көлемі ағзадағы байланыстардың мықты боуына көмектеседі.
Г. Берік