Күніне 5 шай қасықтан артық қант жемеңіз

Күніне 5 шай қасықтан артық қант жемеңіз
Фото: www.galyadvisor.com

Бір күнде – 5 шай қасық қана. Ұлыбританияның Ньюкасл университетінің ғалымдары жүрек пен қан тамырлары, сусамыр мен тіс ауруларынан сақтану үшін тұтынатын қант мөлшеріне осындай шектеу қою керек деп отыр. 

Ғалымдар қантты тұтыну мөлшерін 5%-дан асырмауды ұсынады. Өйткені соңғы кездері тәтті сусындар мен тәтті тағамдар халықтың күнделікті рационының негізгі бөлігіне айналып кеткен. Бұған дейін Денсаулық сақтаудың бүкіләлемдік ұйымы жүрек аурулары мен сусамырдан сақтану үшін, қант адам қоректенетін жалпы калорияның 10%-ынан аспауы керектігін ескертетін. Бұл шама – ерлер үшін күніне 70 гр, әйелдер үшін 50 гр. Енді мамандар тәулігіне бес шай қасықтан артық қант жемеуге кеңес береді. 

Дереккөз: baq.kz

Н. Үсенова