Ерін неге жарылады?

Ерін неге жарылады?
Фото: reformabeauty.com

Құрғақ ерін мәселесімен көп адамдар таныс. Себебі бұл жағдай қыздар арасында да, жігіттер арасында да кездеседі. Әсіресе, күн күрт салқындаған кезде осы жағдай көп алаңдатады. Құрғақ тері қыс айында суыққа шыдамай алдымен құрғап, содан кейін жарыла бастайды. Тілінген орындарға вирустар түсіп, оның жара болуына алып келеді.

Ерін де бет күтімі секілді күтімді күнделікті қажет етеді. Көшеге шықпастан 15-20 минут бұрын ерініңізге ерін бояғыш жағып алыңыз. Ол сіздің ерініңіздің суықтан, күн көзінен және желден қорғайды. Малдың майы да таптырмас ем болып есетеледі. Ерініңіздің айналасына майлы крем жағып алыңыз. Сары май мен қаймақтың да ерінге пайдасы көп.

Егер сіздің ерініңізді тістеу немесе сулау секілді әдеттеріңіз болса, мұндай әдеттерден тезірек арылуыңыз керек. Бұл әдеттер сіздің ерініңізге зиян келтіреді.

Ерін терісіне жағымсыз әсер ететін факторлар:

1. Ағзаның құрғауы. Физиологиялық процесттерді орындау үшін адам ағзасына 1,5 - 2 литр сұйықтық керек (кофе емес, кола емес).

2. Жағымсыз ауа-райы (желді күндер, суық мезгілдер, қатты әсері бар күн сәулесі, құрғақ ауа).

4. Ыстық тамақ.

5. Аллергиялық реакция. Мысалы, жаңа ерін бояғышқа немесе жаңа тіс жуғышқа.

6. Организмге дәрумендердің жетіспеуі. Ерін терісіне бірінші кезекте А (ретинол) және Е (токоферол) дәрумендері қажет.

Бұл айтылғандар кеңестер пайдасын тигізеді деп сенеміз. Бастысы ерін терісіне жағымсыз әсер ететін факторлардан қорғана білгеніңіз жөн.

Дереккөз: baq.kz

Ө. Сансызбай