Егер шай ішкіңіз келсе, төмендегі пайдалы шөптерді қосуды ұмытпаңыз. Олар хош иісімен ғана емес, емдік қасиеттерімен де ерекшеленеді.
1. Қалампыр
Қалампыр қосылған шай басыңыздың ауырғанын басады. Сонымен қатар, шаршағаныңызды ұмыттырып, көңіл-күйіңізді көтереді.
2. Жебіршөп
Жөбіршөппен тамаққа тойып алғаннан кейін шай ішкен жақсы. Өйткені ол ас қорыту жолдарын жақсартып, асқазаныңыздағы артық заттарды сыртқа шығарады.
3. Жанжабіл
Жанжабіл қосылған шайдың иммундық жүйеңізге пайдасы көп. Оны көбіне салқында серуендегеннен кейін ішеді. Егер ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекциялар), тұмау ауруларына тап болсаңыз, міндетті түрде осы шайды ішуіңіз керек.
4. Даршын
Даршын қан құрамындағы қантты қалыпқа келтіреді. Сондықтан бұл шай денсаулыққа өте пайдалы. Даршын қосылған шайға түрлі тәттіні араластырып іше беруге болады.
5. Жалбыз
Жалбыз қосылған шай ұйқысыздықпен күреседі. Өйткені ол жүйке жүйеңізді тыныштандыратын, күйзеліске қарсы көмектесетін қасиетке ие.
Жоғарыда айтылған шөптердің емдік қасиеті көп. Ал жеміс-жидектерден жасалатын шайлар сіздің денсаулығыңызға дәл бұлай көмектесе алмайды. Тіпті С дәруменіне бай лимон да қайнаған суға түскенде өз құрамын жоғалтады.