- Негізгі бет
- Денсаулық
- Алмұрт арықтауға көмектеседі...
Алмұрт арықтауға көмектеседі
Арықтаудың жолын білмей жүрсіз бе? Онда біз айта отырайық. Жақында Луизиана университетінің зерттеушілері күніне бір алмұрт жеу арықтауға көмектесетінін хабарлады.
Алмұрт – денсаулыққа пайдалы жемістердің бірі. Бұл жеміс әлсіреген ағзаға күш беріп қана қоймай, арықтауға да көмектеседі екен. Себебі, алмұрттың құрамында май, холестерин мен тұз жоқ. Есесіне В, С, Р, РР дәрумендерінің қайнар көзі. Басқа жеміс түрлеріне қарағанда алмұрттың құрамында мырыш көптеп кездеседі. Және бал, йод, молибден, фтор, ванадий, никель секілді пайдалы элементтерге де бай. Бұл жемістің жазғы сорты - марганецке, ал қысқы сорты — темірге бай боп келеді. Луизина университеті зерттеушілері жүргізген зерттеу қорытындысы бойынша, алмұртты жиі жейтін адамдардың 65 %-ы семіздік ауруына шалдықпайды екен.
Күніне бір алмұрт жеу – арықтауға ғана көмектесіп қоймай, жүрек-қан тамырлары ауруларының да алдын алады. Жеміс қайнатпасы мен нәрсуын ем ретінде ішкен де пайдалы. Ол жүректің жүректің қағысын реттеп, бұлшықет пен жүйкедегі шаршауды басады.
О. Сансызбай