- Негізгі бет
- Денсаулық
- Кальций элементінің пайдасы...
Кальций элементінің пайдасы
Кальций — адам денсаулығына пайдалы элементтердің бірі. Онсыз өмір сүру өте қиын. Ол жүрек, бұлшықет, жүйке жасушаларына қажет. Сондықтан назарларыңызға құрамында кальций элементі көптеп кездесетін тағамдарды ұсынамыз.
Көкнәр — 1460 мг/100 г
Күнжіт — 670-975 мг/100 г
Иіржапырақ — 713 мг/100 г
Жолжелкен — 412 мг/100 г
Күнбағыс дәні — 367 мг/100 г
Миндаль — 252-273 мг/100 г
Орман жаңғағы — 226 мг/ 100 г
Ақжелкен — 245 мг/100 г
Екпе шиырмақ — 214 мг/100 г
Гүлтәжі — 214 мг/100 г
Алайда 100 грамм сиыр сүтінің құрамында небары 120 мг болса, сүзбеде 80 мг. Сонымен қатар брокколи, жапырақты орамжапырақ, шалқан секілді көкөністерде де бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бір тәулікте кальцийді қанша мөлшерде тұтыну керек екенін ұсынды.
3 жасқа дейінгі балалар — 600 мг.
4-10 жас аралығындағы балалар — 800 мг.
10-13 жас аралығындағы балалар — 1000 мг.
13-16 жас аралығындағы жасөспірімдер — 1200 мг.
16 жастан асқан жастар — 1000 мг.
25-50 жас аралығындағы ересектер — 800-1200 мг.
Ж. Исакаев