- Негізгі бет
- Денсаулық
- Смартфон адам өмірін...
Смартфон адам өмірін қысқартады
Сарапшылар смартфон адам өмірін қаншалықты "қысқартатынын" зерттеді. Зерттеудің нәтижесінде ғалымдар пайдаланушылар жылына орташа есеппен 1176 сағат гаджеттермен өткізетінін анықтады.
Сарапшылар смартфон иелері өзінің мобильді жабдықтарының экранына күніне үш сағаттан астам үңілетінін анықтады.
Австралия аумағында өткен тәжірибеге 16-30 жас аралығындағы жастар өз еркімен қатысты. Ғалымдар егер адам 16 жасынан бастап смартфондарды пайдалана бастаса, өмір ұзақтығы 80 жылды құраған жағдайда, өмірінің кем дегенде сегіз жылын гаджетпен өткізетінін анықтады.
Тәжірибе көрсеткендей, орташа статистикаға сәйкес пайдаланушылар күніне 150 рет смартфонға қарайды екен. Пайдаланушылардың 63 пайызы өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларын қараса, «смартфонға тәуелділердің» шамамен 50 пайызы видеороликтерді тамашалайды.
Дереккөз: ИА "Казинформ"
С. Ерсін