- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жалбыз бауыр мен...
Жалбыз бауыр мен өт ауруын емдейді
Жалбыз – ерінгүлділер тұқымдасына жататын бұта тәрізді, сұрғылт-жасыл түсті өсімдік. Сабағы төрт қырлы, жапырағы мен бұтағы көп. Сопақша жапырақтарының ұзындығы 10 сантиметрге жуық.
Гүлдері негізінен көк, күлгін түсті. Аздаған ақ және алқызыл гүлдері де болуы мүмкін. Екі ерінді төмен қарай өсетін гүл қауашықтары бар. Жемісі – шар тәрізді төрт жаңғақ. Биіктігі – 20-50 сантиметр. Маусым-шілде айларында гүлдейді. Қазақстаның оңтүстігінде көп кездеседі.
Емдік мақсатқа жалбыздың жапырақтарын пайдаланады. Оның тұнбасын залалсыздандыратын, тер басатын, ауруды асқындырмайтын дәрі ретінде ауыз уылғанда, қызыл иек қабынғанда, тіс ауырғанда, баспада, жоғарғы тыныс жолдары қабынуында ауызды және тамақты шаюға пайдаланады.
Денені шаюға қажетті тұнба әзірлеу үшін 25 грамм жалбыз жапырағын бір стақан (200гр) ыстық суға салып, 20 минуттай тұндырады.
Халық медицинасында жалбызды бауыр мен өт қабының қабынуы, бүйрек пен бүйрек түбекшесі ауырғанда, іш өткенде, іш кепкенде, тұмауратқанда қолданады. Жалбызды сүтке қосып қайнатып ішсе, денедегі суықты алып, тамақ ауруын жазады.
Г. Берік