Оның медицинадағы атауы – гемикрания. Бұл грек сөзі, мағынасы – «бастың жартысы». Бұнымен ауырғандардың басының бір жағы солқылдап, қозғалғанда күйшейіп ауырады. Бастың сақинасы ұстағанда кейде адамның көз көрмей, сөйлей алмай, саусақтар шаншып, әлсізденеді. Адам шу мен жарықты көтере алмай жатады.
Бас сақинасы жас талғамайды. Негізінен 20-30 жаста пайда болып, 50 жастан соң басылады. Бұл ауру кейде тұқым қуалайды. Бас сақинасымен күресетін дәрі-дәрмектерді дәрігердің нұсқауымен ішу керек.
Мамандар оның жиілігінің әртүрлі екенін айтады. Кейде күніне 1-2 рет, кейде ұзақ, кейде тіпті жылына 2-3 рет болады дейді. Бұл ауруға шалдыққан науқастың басының не сол жақ, не оң жақ бөлігі ауырсына бастайды, көзі шаншып, қатты күйгелектенеді.
Бұл жағдайда құрамында В дәрумені бар азық-түлікті тұтынған жөн. Шоколад, кофе, шай, цитрусты тағамдар ағзаға жақпаса, бас ауруын тудыруы мүмкін. Жаңғақтар, сүт өнімдерін көбірек жеген абзал.