Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Денсаулық / Дәрі ішу ережесі

Дәрі ішу ережесі

Дәрі ішу ережесі

Ауыра қалсақ үйден дәрі-дәрмек іздей бастаймыз. Тез жазылу үшін дәріні іше салу оңай секілді. Алайда дәрі-дәрмекті ішудің де өз ережесі бар екенін ұмытпағайсыз. Себебі бір дәріні тамақ ішер алдында, бірін тамақтан кейін, тіпті бірін тамақпен бірге ішу керек. Егер бұл ережелер орындалмаса, дәрінің емге дауа болуы екіталай. 

1. Ауырған кезде ішетін дәріңізге баса мән беріңіз. Тіпті дәрігердің нұсқауына жүгінгеніңіз де абзал. Себебі кейбір антибиотиктерді дәрігер кеңесінсіз ішуге болмайды. Олардың пайдалы жағымен қатар, зиянды тұстары да болады. Антибиотик демекші, бұл дәрі түрлерін тамақпен бірге немесе тамақтан кейін ішу керек. Дәріні қабылдар алдын қораптың ішіндегі нұсқаулыққа міндетті түрде қарап шығыңыз. 

2. Ауруды басатын дәрілерді тамақтан соң ішеді. Себебі, бұл дәрілердің құрамында болатын аспирин, нурофен мен анальгин асқазанның қабыршағын тітіркендіреді. Сондықтан мұндай дәрілерді аш кезде ішетін болсаңыз, асқазан жарасы дертіне шалдықтыруы мүмкін. Сондай-ақ құрамында темірі бар дәрілерді де тамақтан кейін ішеді. Тамақтың алдында ішетін түрлері де бар. Көбіне бұл дәрілерді дәрігерлер су немесе сүтпен ішуге кеңес береді. 

3. Ас қорытуға арналған ферменттерді тамақпен бірге ішу керек. Тамақтан кейін ішуге де болады. Ферменттер асқазанның жұмысын жақсартып, астың дұрыс қорытылуына себін тигізеді. Дәрумендерді де тамақтан кейін ішкен пайдалырақ. 

4. Ағзадан улы заттарды айдап шығаратын сорбенттерді тамақпен бірге ішуге болмайды. Өйткені, ол ағзадағы улы заттармен қатар, ішкен тамағыңыздың құнарын да бойға дарытпайды. Сондықтан сорбенттерді тамақтан 1-2 сағат бұрын ішкен дұрыс. Сонымен бірге, басқа дәрілермен қатар қолданғанда арасы 90 минуттан кем болмауы керек. Себебі, ішкен өзге дәріңіз сорбентпен бірге емдік қасиетін жояды. 

5. Капсулаларды бөліп ішуге болмайды. Бұл дәрі түрлері бүтіндей жұтуға арналған. Егер бөліп ішетін болсаңыз, дәрі асқазанда қорытылып, пайдалы қасиеттерін жоғалтуы мүмкін. Кейде дәрінің ащы, жағымыз иісі болатын болса, капсула түрінде жасалады. Тек капсуланы бүтіндей жұта алмайтын жас нәрестеге ғана бөліп беруге болады.

6. Тамақ ауырғанда соратын дәрілерді тамақтан бұрын ішкен дұрысДәрінің емдік қасиетін сақтап қалу үшін неғұрлым көбірек ауызда ұстаған абзал. Ал бұл дәрі түрлерін ішкеннен кейін кемінде 2-3 сағаттан кейін ғана су, тамақ ішуге болады.

7. Балаларға дәрі-дәрмекті дәрігердің нұсқауымен ғана беріңіз. Жүйесіз дәрі ішкізу – пайдалы емес, керісінше денсаулығына зиянды болуы мүмкін.

Сіз қандай дәрілерде көп тұтынасыз? Тұтынған дәрілеріңіз көңіліңізден шыға ма?

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: www.nur.kz
Қосылған күні: 06 қараша 2015, 12:57

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.