Су ішу қағидалары

Су ішу қағидалары
Фото: doctor.kz

Су — тіршілік көзі екенін бәріңіз де жақсы білесіздер. Оның біздің денсаулығымызға пайдалы тұстары өте көп. Алайда оны ішер кезде бірнеше ескеретін қағидалар бар. Біз бүгін сіздердің назарларыңызға соларды ұсынғымыз келіп отыр.

1. Суды бір жұтымының өзі көңіл-күйімді көтеріп, маған ерекше күш-қуат сыйлайды деген оймен ішіңіз.

2. 30-45 минут сайын ¼ стақан су ішіп жүріңіз.

3. Тамақтанып алған соң бірден су ішудің қажеті жоқ. 30 минут өткеннен кейін ғана ішуіңізге болады. Себебі бірден сумен араласып кеткен қорек ас қорыту жүйелеріне зақым келтіреді.

4. Ұйқыдан тұрған бойда қайнаған су ішуді ұмытпаңыз. Ол сіздің ішектеріңізді тазалауға көмектеседі.

5. Суды тамақ ішерден 10-15 минут бұрын тұтыныңыз. Сонда асқазаныңыздың жұмыс істеу қабілеті жақсарады.

6. Егер қайнаған су ішейін деп тұрсаңыз оны бір стақаннан екінші стақанға құйып ішкеніңіз дұрыс. Өйткені бұл әдіс арқылы суды оттегіге байытасыз.

7. Шәйнекте қалған суды екінші рет қайнатудың қажеті жоқ.

Ж. Исакаев