- Негізгі бет
- Денсаулық
- Мандарин демікпені емдеуге...
Мандарин демікпені емдеуге қолданылады
Қазан-желтоқсан айлары – мандариннің нағыз пісетін уақыты. Суықтан қорғап, тәбет ашып, асты жақсы қорытатын бұл жеміс С дәруменіне бай. Мандариннің тағы да қандай пайдасы бар екен? Оқи отырыңыздар!
Мандарин – цитрус тұқымдасына жататын мәңгі жасыл өсімдік. Бұл өсімдіктің биіктігі 4 метрге дейін жетеді, ал гүлдері сұр түсті, қабық тәрізді, жапырақтары қатты және қышқыл дәмді жемісі бар. Оның бір жемісі 9-10 бөліктен тұрады.
Негізінен, мандарин адамның ыстығы көтерілгенде жақсы көмектеседі. Оны демікпе мен бронхит ауруларын емдеуде қолданады. Себебі, мандарин құрамында аминқышқылы бар. Ол демікпеге қарсы тұруға және өкпені тазартуға жақсы көмектеседі. Сол үшін күнде таңертең бір стақан мандарин шырынын ішкен абзал. Қатты жөтел кезінде мандариннің қабығын суға қайнатып ішсе, ауруды жазады. Асқазан ауырғанда да мандариннің өзін немесе шырынын ішкен өте пайдалы.
Мандариннің қабығын тәбет ашатын, ас қорытуын жақсарататын сұйық дәрі жасауға пайдаланады. Ондай дәріні тамақтан 15-20 минут бұрын қабылдайды. Қыс кезінде ағзаны дәрумендермен қамтамасыз ету үшін мандаринді көптеп жеу керек. Суыққа қарсы тұратын иммунитет дәрумендері осы мандариннен табылады.
Суық мезгіл келе жатыр, жылы киініп, ауырып қалмаудың жолын іздеңіздер!
Г. Берік