- Негізгі бет
- Денсаулық
- Жүктілік кезінде косметикалық...
Жүктілік кезінде косметикалық заттарды пайдалануға болмайды
Жүктілік кезінде аяғы ауыр әйелдерге айрықша күтім қажет. Өйткені, әйелдің күтімі мен денсаулығы іштегі балаға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ дәрігерлер жүктілік кезінде косметикалық заттарды көп пайдаланбауды да ескертеді.
Аяғы ауыр әйелге косметикалық заттарды пайдалану зиянды болып саналады. Себебі, косметикалық өнімдердің құрамында химиялық қоспалар көп болады. Ал ол қоспалар баланың іште дамуына кедергі келтіруі мүмкін екен.
- Әйелдер жүктіліктің алғашқы үш айынан кейін-ақ косметикалық заттарды пайдаланбағаны дұрыс. Сондай-ақ денсаулығы сыр бере қалған жағдайда ішетін дәрі-дәрмегіне де баса мән беруі тиіс. Себебі, бұл аралықта баланың миы дамиды, - дейді Йорк университетінің ғалымдары.
Университет профессоры Дорот Кроуфорд жүкті әйелдерге косметикалық заттарды пайдаланбаумен қатар, шаш бояу да зиянды екенін айта кеткен. Себебі, шаш бояғыштардың құрамында химиялық заттар көп болады екен. Ал ол қосылыстар аллергия тудыруы бек мүмкін.
- Іштегі нәресте анасының әр өзгерісін сезеді. Ал оның қалыпты дамуында геннің қызметі жоғары. Негізінен косметика өнімдері осы геннің белсенділігін төмендетеді, - дейді профессор Дорот Кроуфорд.
Аяғы ауыр әйел үйдегі тазалық жұмыстары кезінде химиялық қосылыстардан тұратын тазалағыш заттармен де ұзақ уақыт жұмыс істеуге болмайды.
О. Сансызбай