- Негізгі бет
- Денсаулық
- Қанттан бас тартқан...
Қанттан бас тартқан адамның денсаулығы әлдеқайда жақсы
Фото:
kapital
Америкалық эндокринологтардың зерттеуінше, қанттан бас тартқан адамның денсаулығы қантты тұтынатын адамдарға қарағанда анағұрлым жақсы екен.
Ғалымдар жүргізген тәжірибеге 9-18 жас аралығындағы 43 бала қатысқан. Олардың барлығы созылмалы ауруға немесе семіздікке шалдыққан жасөспірімдер. Олар тоғыз күн бойы қант жемеуі тиіс болған.
Нәтижесінде балалардың қан қысымы мен холестерині анағұрлым төмендегені және қандағы триглицеридтің үш есе азайғандығы көрінген.
Дегенмен кейбір ғалымдар қант адамның қанында болуы тиіс міндетті зат деп есептейді.
С. Ерсін