- Негізгі бет
- Денсаулық
- Түнгі жұмыс әйелдер...
Түнгі жұмыс әйелдер үшін қауіпті...
Кешкісін және түні бойы жұмыс жасау жүрек-қан тамыр ауруларына ұшыратуы мүмкін. Бұл туралы 34-ке жуық зерттеулер мен 2 миллион адамның өмірін сынақтан өткізген Британияның медициналық журналы мәлім етті, деп хабарлайды Daily Mail.
Қатердің ең үлкені түні бойы жұмыс жасаған адамдардың еншісінде. Мәселен, күндіз жұмыс жасайтын адамдардан гөрі түн баласы ұйықтамайтын адамдардың жүрек ауруына ұшырау қаупі 41 пайызды құрайды.
Анықталғандай, түнде ғана жұмыс жасап үйреніп қалған адамдар қалай болса солай тамақтанып, аз тынығып, көптеген физикалық жаттығулардың бір де біреуін орындамау себепті жүрек ауруларының біріне ұшырайды.
Өздеріңіз білетіндей, биологиялық уақыт ырғағын бұзу артерия қысымына, ағзадағы холестерин мөлшерінің көбейіп кетуіне, диабеттің пайда болуына алып келеді. Бұл дегеніміз жүректі өз кезегінде нашарлатуы әбден мүмкін.
Айта кетсек, түні бойы жұмыс жасау әйел баласына қауіпті болып шықты. Мәселен, ағзадағы гормондардың (ішкі бездердің секрециясынан жасалып қанға қосылатын зат) бөлінуі дұрыс жолға қойылмай, кеуде рагі дейтін қатерлі дерт пайда болуы кәдік.
сурет:dailymail.co.uk
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига