Тұз қартаюды жеделдетеді

Тұз қартаюды жеделдетеді
Фото: vokrugsveta

Тұзды тағам қартаю үдерісін жеделдетеді. Джорджия университетінің ғалымдары зерттеу барысында осындай байламға келді.

Адам ағзасына тұздың қалай әсер ететінін анықтау үшін 14-18 жас аралығындағы 776 жасөспірім таңдалды. Ғалымдар зерттеу барысында әр қатысушының теломерлерінің ұзындығын өлшеген. Теломер — ол қорғаныш қызметін атқаратын хромосоманың ұштары. Олардың ұзындығы арқылы ағзаның жағдайын байқауға болады. Осы арқылы ағза жыл өткен сайын қартайып, теломер ұзындығы қысқара бастайды. Зерттеуде күн сайын тамақпен бірге 5 грамнан астам тұз тұтынған жасөспірімдердің теломерлері өзгелерге қарағанда қысқалау болған. Нәтижесінде ғалымдар адамның қартаюы үдерісін тежеу үшін күніне 5 грамнан аспайтын тұзды тағам пайдалану керек деп есептейді.

Дереккөз: Казинформ

С. Ерсін