Екпе не үшін қажет?

Екпе не үшін қажет?
Фото: 3.bp.blogspot.com

Әр адамның өміріндегі ең қымбаттысы — баласы, ол біздің болашағымыз, біздің сеніміміз. Сондықтан елімізде бала денсаулығын қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Бала денсаулығын жақсарту, балалар арасындағы көптеген әлеуметтік және жұқпалы ауруларды жою үшін алдын ала сақтану шаралары қолданылуы керек.

Дұрыс тамақтандыру, жасына қарай денесін шынықтырумен қатар медицина қызметкерлері балаларды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бекіткен күнтізбесі бойынша жыл сайын алдын ала екпе жұмыстарын жүргізеді. 2015 жылдың 1 қазанынан қызылша ауруына қарсы қосымша иммундау басталды. Бұл жұмыстарды емхана дәрігерлерімен бірге «Арасан Ақтөбе» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және «Мейірім Ақтөбе» қоғам бірлестігінің мүшелері «Ектірудің пайдасы зор», «Егу туралы не білесіз?» және «Алдын ала егу екпесімен өз денсаулығыңызды қорғаңыз» деген тақырыпта дәрігерлік кеңестер өткізіп жатыр.

Ата-аналардың көпшілігі екпеге қарсылық танытады. Ектірудің пайдасы зор екенін экономикалық тұрғыдан есептегенде БҰҰ бақылау есебіне жүгінсек, жыл сайын нерв жүйесімен ауыратын ауруларға кететін шығын 1,5 млрд. доллардан асқан. Сондықтан тегін медициналық көмектен бас тартпаған жөн. Егер егу жұмысы дұрыс жолға қойылса, ата-аналар түсіністікпен қабылдаса, өз еріктерімен медицина мекемесіне келіп, баласының қашан және неге қарсы егілуі қажеттігін күні бұрын сұрап білсе, жағдай басқаша болар еді. Сонда ғана біз ата-ананың бала алдындағы борышын дұрыс орындадық деп санауға мүмкіндік аламыз. Болашақ ұрпақтың денсаулығы — саналы және ұзақ мерзімді өмір сүруінің бірден-бір көзі.

aktobegazeti.kz

@. @assel_assanova