- Негізгі бет
- Денсаулық
- Табиғи дезодорант -...
Табиғи дезодорант - алунит
Күнделікті қолданатын косметикалық заттардың қауіпсіздігі жайлы ойланасыз ба? Ғалымдардың сансыз зерттеулері көрсетеді: химиялық қосылыстарға толы косметикалық заттар денсаулығымызға үлкен зардап тигізеді. Кәдімгі дезодоранттың өзі химияға толы у десе де болады.
Қазіргі дезодоранттардың құрамында алюминий тұздары өте үлкен мөлшерде болады. Олар тері бездерін тұйып қояды. Уақыт өте олар қанға сіңіріліп, ағзада жиналады. Бұл қосылыстар жүйке жүйесі мен бауырға зақымын тидіре алатыны дәлелденген.
Қазірде табиғатта адам ағзасына еш зақым тигізбейтін, дезодорант сияқты жұмыс істейтін минерал бар. Антибактериалды қасиеті 6-12 есе көп тас - алунит. Ол Ежелгі Мысырда қолданыла бастаған, жалпы Азияда ғасырлар бойы теріге қарсы дауа болып келеді. Табиғи болғандықтан, оның құрамында не эмульгаторлар, не консерванттар, еш химиялық қосылыстар жоқ. Кристалдың жұмысы тері бездерін тұйықтап қоюға емес, адсорбциялау қасиетіне негізделген. Ол тері бетін әбден кептіріп, соған байланысты жаман иіс беретін бактериялардың таралуына жол бермейді. Аллергия бермейтін тасты жүкті әйелдерге де қолдануға болады.
Алуниттың тағы да көптеген жақсы қасиеттері бар, оны басқа жараларға да дауа ретінде қолданса болады:
- қышығанды қойдырады, маса шаққан жерге жақса болады;
- парадонтоз бен тістің қызыл иегі қанағанды қойдырады;
- қырынғаннан кейін теріні тыныштандырғыш ретінде қолдануға болады;
- алергия қоздырған теріні қышығанды тыныштандырады.
Тасты қолдану үшін оны шамалы сулап, қажетті жерлерге жағу керек. 120 грамдық кристалл 4 жылға дейін жетуі мүмкін.
Денсаулығыңыз жайлы ойланып химиядан табиғи косметикаға көшейік!
Дайындаған: Сания Аринова
Сурет: board.com.ua
С. А